Автошығарушылар рубльдің әлсіреуінен Қазақстанда сатылатын автомобиль бағасының көтерілуіне алғышарттар жоқ, деп отыр

Күні: 15:19, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Рубльдің әлсіреуінен Қазақстанда сатылатын автомобиль бағасының көтерілуіне алғышарттар жоқ, деді «Бипэк Авто-Азия Авто» компаниялар тобында.
«Ресейлік валюта нарығындағы оқиғалар қазақстандықтарды алаңдатары сөзсіз. Бірақ, егер шынайы цифрларға қарасақ, бүгіндері Қазақстан валюталық нарығындағы жағдай ресейлік нарықтан өзгеше. Қазан айының басынан бері рубль АҚШ долларына шаққанда 14% арзандады. Осы аралықта теңге американдық валютаға қарағанда - 0,5%, еуроға қарағанда - 1,3%, рубльге - 13,5% бекіді. Сондықтан қазір Қазақстанда автомобиль бағасының қымбаттауына валюталық алғышарттар жоқ. Қазіргі жағдай қаншалықты тұрақты болатындығы Ұлттық банк құзыретінде», - деді топ өкілі жұма күні ҚазТАГ тілшісіне.
Бұл ретте келешектегі баға тұрақтылығына ешкім де кепіл бола алмайтынын ескертті.
«Басқа да тауарлық нарықтарда, автомобиль бағасы Қазақстан ішіндегі де, сонымен қатар бізге автомобиль бөлшектері мен автомобиль импорттайтын елдердегі ұлттық валюта мен инфляция деңгейіне байланысты», - деп атап көрсетті сұхбатшымыз.
2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан нарығындағы автмобиль бағасы орташа алғанда $22 100 болды.
Ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, шетелдік автоөндірушілер рубль бағамының доллар мен еуроға қарағанда әлсіруінен Ресейдегі автомобиль бағасын көтереді. Бағаны ұстап тұра алатындар - автомобильдерді Ресейде жинайтындар.  
Ресейде жыл басынан бері доллар 36% (қазанда - 13%), еуро - 26% (11%) қымбаттады. 2014 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша, жаңа жеңіл автомобильдің орташа бағасы 990 мың рубль болып отыр.
«Бипэк Авто-Азия Авто» компаниялар тобы Қазақстан автомобиль нарығының 50%-ын алып отыр. Топ құрамына автожинақтаушы «Азия Авто» АҚ зауыты, Kia, Skoda, Chevrolet, Lada, Uaz, Renault маркадағы автомобильдерді жеткізу, сату, қызмет көрсетумен айналысатын дистрибюторлық және диллерлік компаниялар кіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: