Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды

Семей. 20 қыркүйек. ҚазТАГ- Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған.
 Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр»,- деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ редакциясына гарнизонның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты», - деп қосты гарнизонда.

Фото көзі: gov.kz


adimage