Аягөз әкімі мемсатып алу саласында пара алу күдігімен ұсталды

Өскемен. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі мемлекеттік сатып алу саласындағы пара алу күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкіміне қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін жеке кәспікерлік субъектісінен Т1,2 млн. сома көлемінде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Шенеунік уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

adimage