Айбатыр Жұмағұлов: ТҮҚЖБ жанындағы қоғамдық кеңес «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынатын үй құрылыстарына түрткі болады

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ - Қыркүйек айының соңында Алматыда «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ТҮҚЖБ) жанындағы қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті. Онда банк желісімен «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынатын құрылыстардың мерзімі сақталмай отыруы қарастырылды. Мысалы, 2014 жылғы 1 қыркүйекке Қазақстанның жеті өңірінде жалпы ауданы 109 мың шаршы метр болатын 1671 пәтерлік 31 тұрғын үй құрылысында проблемалар туындады. Олардан 19 нысан құрылысын тапсыру мерзімі бір жыл бұрын өтіп кетті, ал қалған 12 үй бойынша құрылыстың тежеп отыруы бірнеше айдан бір жылға дейін болып отыр. Қоғамдық кеңес отырысы қызықты болды, онда қатаң сұрақтар да қойылды. Кейін ол кездесу әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қызу талқыланды. Қоғамдық кеңес «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының банкке қатысты проблемалық мәселелерін шешуде пәрменді тетік бола ала ма дегенге ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтып берді. 

 - Айбатыр Нышанбайұлы, қоғамдық кеңестің екінші отырысында ТҮҚЖБ желісімен «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынатын құрылыс нысандарының мерзімі сақталмай отыру себептері қарастырылды. Ол кездесуге бірнеше өңір әкімшіліктерінің өкілдері келді. Тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру мерзімдерін сақтамау мәселесі ауыр мәселе. Сіз жергілікті билік өкілдерін отырысқа қатысуға қалай көндірдіңіз?

- Әкімшілік өкілдері мен ТҮҚЖБ басшылығын кездесуге шақыру ұсынысы қоғамдық кеңес төрағасы Сейтқазы Матаевтан келіп түскенін айтқым келеді. Сіз түсінетін шығарсыз, бұл жерде ешкімде бас тарту құқығы болмады, сондықтан ешкімді көндірудің қажеті де жоқ болды. Оның үстіне біз әкімшіліктермен бір тірлік істеп жатырмыз - еліміздің азаматтарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз етудеміз. Әкімшіліктер құрылысты қаржыландыруда, мердігерлерді таңдайды, біз - клиенттерді бүгінге ең тиімді шарттармен қаржыландырамыз. Және біздің бірлескен жұмысымыз - ол тікелей елбасының бақылауында тұрған жоба. Біз кеңес отырысына шақыртуымызға түсіністікпен қарағаны үшін әкімшіліктерге ризамыз, және бұл шешім оңай болмағанын түсінеміз. Екінші жағынан бұл жергілікті әкімшіліктердің атқарып жатқан жұмыстарын көрсетеді. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Аққу» ықшамауданы. Бұл жерде салынып жатқан нысандардың сапасының төмендігі үшін жергілікті билік құрылысты тоқтатып қойды, ал ТҮҚЖБ клиенттері үшін басқа жаңа салынған құрылыстардан пәтерлердің балама түрлерін тауып берді. Ол кезде үш жүздей адамның проблемалары шешілді. Қазір Қазақстанда баспанаға деген сұраныс салынып жатқан патерлер санынан бірнеше есеге артық. Және қазір салуға жоспарланған көлемнің өзі барлық мұқтаждарды қамтамасыз ете алмайды. Ол құпия емес, ол деректерді біздің сенаторларымыз, мәжілісмендеріміз, үкімет мүшелері жариялаған. Банк жанында қоғамдық кеңес құра отырып, біз барлық проблемаларды ашық жариялап отыратынымызды білдік. Және әкімшіліктер бізді қолдады, себебі, қайталап айтсам, бұл біздің мүдделерімізге сай. Бүкіл ел мүддесіне сай. Дәл сол үшін біз тағы бір маңызды қадам жасадық - қоғамдық кеңес отырысын онлайн режимінде тараттық. Мысалы, radiotochka.kz сайтында отырыс залынан тікелей хабар таратылуын 22 мың пайдаланушы көрді. 

 - Әңгіме өте қатты болды, қоғамдық кеңес мүшелері сізге де - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысына, әкімдік өкілдеріне де төтесінен сұрақтар қойды. Сіз қалай ойлайсыз, жергілікті билікпен жақсы әріптестік қатынастарды сақтап қала аласыз ба? Және олардың уәделерінің тікелей эфирде берілгенін ескерсек, олар орындалар ма екен?

 - Қазір болжауға ерте. Жыл аяғына дейін проблемалы нысандардың біразы салынып бітеді деп үміттенемін. Біз банк тарапынан бұл үдеріске мониторинг жасаймыз және өз сайтымызда олардың суреттерін орналастырамыз. Ал енді жергілікті атқарушы органдармен әріптестік қатынастарға келер болсақ, біз бірге президент тапсырмасын орындап келеміз. Оның үстіне құрылыс мерзімдерінің бұзылып жатқаны бүкіл елге белгілі. Бұл туралы басылымдарда да жиі жазады. Бұрын мәселелерді әкімдіктер айтушы еді, банк айтушы еді, ал қазір үдеріске үшінші күш қосылды - қоғам. Бұл ашықтық пен транспаренттіліктің мүлдем басқа деңгейі. Кеңестің өткен отырысының жұмыс қорытындысы биыл ТҮҚЖБ желісі бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қоныс тойын тойлайтын қазақстандықтардың санынан көрінетін болады. 

 - Сіз биыл банк-жергілікті атқарушы органдар диалогына үшінші күш – қоғам қосылғанын атап өттіңіз. Бұл жұмыстан баспанаға мұқтаж қарапайым халыққа не күтуге болады?

 - Өзіңіз ойлаңыз. Біз [email protected], электронды мекенжайын аштық, оған банк салымшылары өз сұрақтарын жолдай алады, ал олар тікелей кеңес мүшелеріне түседі. Екінші отырыста жаһандық мәселелер қаралды, келесісінде, күн тәртібі бойынша біздің клиенттердің проблемалары кірістіріледі. Қоғамдық кеңес мемлекеттік бағдарлама мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж жандарды қорғау үшін құрылған. Сейтқазы Бейсенғазыұлы (С. Матаев, ТҮҚЖБ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы) бірінші отырыстың өзінде біз «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысу талаптарын таныстырғанда, кеңес қызметінің басты міндеті заңнамалық деңгейде біздің салымшылардың мүдделерін қорғау екенін айтты. 

 - ТҮҚЖБ мен бірігіп жұмыс жасаудан қоғамдық кеңес мүшелері не күтеді? Үшінші отырысқа сіздер не дайындап жатырсыздар? 

 - Қоғамдық кеңес отырысының тақырыбын банк ұсынбайды, бұл қоғамдық кеңес мүшелерінің құқығы. Біз Сейтқазы Матаевпен бірге мұны талқыладық, біз қоғамдық кеңеске, соның ішінде электронды пошта мекенжайына көптеп түсіп жатқан мәселелерді күн тәртібіне шығарамыз. Ал енді қоғамдық кеңестік банк жұмысынан не күтетіне келер болсақ, бұл маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу үшін ашық диалог алаңын құру. Қазір ол құрылды деп айтуға болады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығы белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғалар. Өз тарапымнан, келесі отырысқа банкінің жылдың алдын-ала қорытындысы туралы есепті ұсынуға дайын екенін, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға, әкімшілік кедергілерді жоюға, мемлекет басшысы тапсырмасы аясындағы комиссияларды төмендетуге қандай шаралар қолданғандығы туралы баяндауға дайынбыз. 

 - Сұхбатыңызға рахмет.

adimage