Айдар ӘЛІБАЕВ: КІРІСТІ ЖАППАЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ФОРМАЛЬДЫ АКЦИЯҒА АЙНАЛУЫ МҮМКІН

-Айдар Байдәулетұлы, сіз Қазақстан әлі кірісті жаппай декларациялауға дайын емес деп ойлайсыз ба?

-Неге? Мен жалпы декларациялау жақсы бастама деп айтқым келіп отыр. Оның маңызды екені түсінікті, егер елде жұмыс жасайтын адамдар болатын болса, мемлекет олардың қалай және қанша табатынын білу керек, және олардан сауатты түрде салық жинай алуы қажет. Бұл тұрғыда Қазақстан, әрине, жаппай декларация жасайтын шаққа жетті және оны енгізу қажеттілігі қандай да бір дәлелдерді қажет етпейді. Бұл қалыпты, өркениетті заттар.
Дегенмен, бұл кез келген азаматқа қатысты (ал декларация тіпті сәбиге де толтырылады) қандай да бір жаңалық секілді, ол біздің елде бар экономикалық және саяси жүйелермен байланысты. Біз қаласақ та, қаламасақ та санасуға тиісті қандай да бір шындықтар бар. Егер олармен санаспасақ, декларациялау бос сөз болып қалады.

-Онымен не айтқыңыз келеді?

-Біріншіден, бізде жаппай декларациялауды енгізуге барынша қарсылық танытып бағатын адамдар тобы пайда болады.
Бізде қазір кім декларация жасатқысы келмейді. Нақ сол заңсыз кірістері барлар. Олар - тексеруге, рұқсат беруге, лицензиялауға өкілеттіктері бар, жемқорлық сипаттағы бұзушылықтар көптеп орын алып отырған мемсатып алу және басқа салалар бойынша тендерге қол жетімділігі бар шенеуніктік-бюрократтық корпус өкілдері.
Ал жоғарыдағы бір ғана адамнан басқа ешкімге тәуелді емес кез келген деңгейдегі әкімге кім және қандай деңгейде өз кірістерін толық көлемде жаппай декларация жасауға міндеттей алады? Немесе министрді? Немесе судьяны? Бұл адамдар өз орындарына жылдап отырады, және олардың немен айналысып, соңғы 4-5 жылда нақты не жасағандарын ешкім білмейді. Олар тіпті қағаз жүзінде қандай жоспарлар болды, қайсысы жүзеге асырылды, не салынды, не жасалмады және неге деген секілді өздерінің қызметтік міндеттері бойынша да есеп бермейді. Ал бұл жерде әңгіме оның қанша жымқырғаны жайлы бәріне айтуында.
Қысқасын айтқанда, бұл игі бастамаға бірінші болып қарсы болатындар шенеуніктер, олардың осы бастаманы жоюға күштері мен қаражаттары жетеді. Тығырыққа тірелдік. Формальды түрде шенеуніктер қолдаған болады, ал шын мәнісінде - қарсылық танытады. Сондай-ақ декларациялауға депутаттар да қарсы болады. Оны енгізу үшін заң керек қой. Ал парламенттің өзі шенеуніктік-бюрократиялық жүйеге тығыз байланған болса, депутаттардың негізі бұрынғы шенеуніктер ғой, олар қалай тиісті заң қабылдамақ? Олардың да өз халқынан жасыратындары бар.

- Барлық шенеуніктерді адал әрі сатылмайтын таза адамдармен алмастыруды ұсынамысыз?

-Мәселе жеке адамда емес, жүйеде. Кірісті декларациялауды нақты енгізу үшін оған дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Маңыздылығына қарай атқарылуы тиісті қадамдарды да көріп отырмын. Олардың бірі - жаппай жемқорлықпен күрес. Осындай жағдайда кірісті декларациялау шындыққа жанаспайды, мүмкін емес, сондықтан - мағанасыз, ал оны пайдалы деу - күлкілі. Біздің соңғы он жылда жүргізіп келе жатқан сөз жүзіндегі күресіміздің ешқандай әсері жоқ. Бұл жерде тиімді құрал тек қоғамды жетілдіруге деген саяси ерік болады.

-Рецептін айтпайсыз ба?

-Жемқорлықпен күрес үшін бізге не керек? Біріншіден - тәуелсіз сот, ал оны ондай ете алатын тек судьяларды сайлауды және есеп беріп отыруын енгізу ғана. Екіншіден - күшті парламент болуы керек. Ол министрлер мен премьерден есеп талап етіп, оларды қызметіне тағайындай, не босата алатын болуы керек. Үшіншіден - жергілікті өзін-өзі басқару. Ол бізде сөз жүзінде ғана, оның өзі қашан болғанын еске түсіру қиын (ал ол өркениетті қоғам арқа сүйейтін фундаменталды іргетас). Барлық деңгейдегі әкімдердің сайлануы, халық алдында есеп беруі, олар ұрлықтарын қоюуы - өзін-өзі басқару деген осы. Заңдар жұмыс істеп, жазаға тарту нақты болуы керек. Ал осылардың барлығын өмірге енгізуге не керек? Құр бос сөз бен шенеуніктерді алмастырудың орнына заңдарды өзгертетін деңгейдегі саяси реформалар қажет.
Бізде бос сөзді «сапалы» сапыра алады. Жақында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (Ерболат Досаев - ҚазТАГ) өзінің бір сөзінде салыстыру үшін Францияны келтірді: ондағы бюджеттің 80% жеке тұлғалардың төлейтін салығынан түседі деп. Біздің шенеуніктер жалпы мәтіннен жекелеген тұстарын жұлып алып, қисынды болсын, болмасын айта салғанды ұнатады. Бұл ретте бізді Сингапурмен де, Германиямен де, Франциямен де салыстыруға болмайтынын ұмытпау керек. Себебі олардағы азаматтардың кірістері сондағы саяси жүйемен нақтыланған. Біздің экономикамыз да піл мен құмырсқадай, олармен салыстыруға келмейді. Ал шенеуніктер әйтеуір бірнәрсе айтулары керек қой, оларды да түсінуге болады.
Сондықтан қайталаймын: саяси жүйені реформаламайынша, кірісті декларациялау бос сөз болып қалады.

-Ал егер нар тәуекелге барсақ, біз не табар едік?

-Игі бастаманы суға батырар едік. Егер реформа болмайтын болса, мен алыс келешекке болжам айтпаған болар едім. Бірақ, қаласаңыз, талқылап көрейік.
Халыққа декаларциялау керек нәрсе екенін түсіндіріңізші. Бұл - мәдениеттілік, өркениеттілік деген уәждеріңіз түк те емес. Адам өзі үшін пайдалы болатын болса, ол соны істеуге дайын. Ал ол акцияны ол бүгіндері түкке тұрғысыз міндеттеу деп ұғып отыр. Біздің адамдарды таяқпен үкімет үшін бір нәрсе істеуге мәжбүрлеу қиын, ал сіз ол ерікті болсын дейсіз. Біз Швейцарияда тұрып жатқан жоқпыз ғой...
Және біз жаппай декларациялауға технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба? Пошта, тіпті салық органдарының өзі 16 млн декаларацияны қарап шыға ала ма? Әй, қайдам. Біз газетке де жазылмаймыз, себебі пошта оны нашар жеткізеді. Ал меморгандардағы жемқорлықты ескерсек, салықшылар қазақстандықтардың әл-ауқаты туралы ақпаратты алған соң әр түрлі әрекеттерге бармасына кім кепіл? Мұның барлығы әшкереленеді, және жоғарыдағы айтқандарды орындамайынша, ондай проблемаларды шешуге дайын емес боламыз.

- Сұхбатыңызға рахмет.

adimage