Айдар Әлібаев: Зейнетақы жинақтарымен бюджет тесігін жабуға болмайды

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Биыл Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорындағы (БЗЖҚ) активтердің Т1,5 трлн сомасын үкімет шетелге инвестициялауға (Т500 млрд), банктер мен ұлттық холдингтердің облигациясын сатып алуға (Т600 млрд), республика бюджетінің тапшылығын қайта қаржыландыруға (Т350 млрд) ниетті.
Бұл туралы 15 ақпандағы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. «Қаржылық тұтынушылық одақ» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Айдар Әлібаев ҚазТАГ-қа берген сұхбатында аталмыш инвестициялардың тәуекелділігі жоғары екенін және зейнеткерлердің болашақ ұрпағының жеткілікті түрде кірісін қамтамасыз ете алмайтынын айтты.
- Айдар Байдаулетұлы, үкімет 2016 жылы түрлі бағытқа инвестициялағысы келіп отырған БЗЖҚ –дағы 1450 млрд теңге ұлттық экономика министрінің айтуынша, - бос қаржы көрінеді. Сіз түсіндіріп кете аласыз ба, ол қайдағы бос қаржы және қалай пайда болған?
- 1,5 трлн теңге – бұл шамамен барлық зейнетақы активтерінің 30% жуығы. Ал енді бос қаржы деген не, министрліктің бұл түсінікті пайдалануының мәні неде- мен білмеймін. Себебі зейнетақы заңнамасына сәйкес БЗЖҚ шотында «бос қаржы» деген болуы мүмкін емес және заңда ондай термин жоқ, олар инвестициялануы керек және оның да нормалары бар.
Кезінде салымшылардың ақшасы түскен сәт пен оны инвестициялау үшін жеке зейнетақы қорларына берілетін мерзім 3 күнді құрайтын. Қаржы өлі жүк болып жатпау керек, ол инвестициялануы тиіс. Қайда - бұл екінші мәселе. Бірақ активте жатқан ақша деген болмайды. Шотта тек қордың өзінің қаржысы ғана жатуы мүмкін. Сондықтан оның қайдағы «бос қаржы» екені менің өзіме де аяғына дейін түсініксіз.
- Банктер мен ұлттық холдингтердің бағалы қағаздарын инвестициялау –алға қадам басу ма? Кешегі күнге дейін мемлекеттік бағалы қағаздар ғана БЗЖҚ негізгі инвестициялау құралы болып келген еді.
- Маған осы мәселедегі қайшылықтар жеткілікті түрде түсінікті емес, оның үстіне барынша аз уақыт ішінде туындап отырғаны. 2015 жылдың желтоқсанында ғана президент БЗЖҚ барлық қаржысы МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар – ҚазТАГ) айналдырылады деген болатын. Ондағы мақсат – олардың түрлі қауіптерге тап келмеуі. Осі көзқарас түбегейлі өзгеретіндей бір жарым-екі айда не болды, ол өзгеріске кім ықпал етті – білмеймін.
Жалпы Е.Досаев айтатындардың барлығы менің алаңдаушылығымды тудырады. Оның мәләмдемелері өте көп – өткір, қатты айтылады, бірақ ештемемен нығайтылмайды - және олар сәйкесінше, ештемеге жауап бермейді. Егер банк пен мемхолдингтер қағазына инвестицияланатын 600 млрд туралы айтсақ, онда орынды сұрақ туындайды: банктерді қанша уақыт ұстап тұруға болады?
Және, біз банктерді қолдау үшін жұмсамаған қаржы қалды ма екен? Оларға бюджеттен де қаржы бөлді, 2009 жылы Ұлттық қордан да $10 млрд бөлді, бүгінгі күні зейнетақы активтерінен бөлінейін деп жатыр.
Ойлаңызшы: зейнетақы активтері – ең алдымен азаматтарға тиесілі қаржы, олар бар болғаны мемлекет басқаруында ғана жатыр.
Сонда, банк оны бізден бір қолымен өзінің қамқорлығына алып, үстіне аздаған пайыз қосады (нақты саны белгісіз, 6-7% шамасында деп ойлаймын), ал екінші қолымен оны тұтынушылар несиесі ретінде жылына 20-25% жарнамен береді. Бұл қалыпты логика ма? Банктерді зейнетақы қаржысымен қолдауға болмайды деп санаймын, себебі мұнда тәуекел өте жоғары болмақ, және сол банктердің өздері болмаса, бұдан салымшыларға ешқандай пайда жоқ.
- Ал енді зейнетақы активтері есебінен шығынға батқан өндіріске өтемақы төлеу туралы сіз не айтасыз?
- Ұлттық холднгтерді қолдауға келсек... Жақында бірқатар сарапшылар тобы, мемлекет қазақстандықтардың зейнетақысы есебінен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ қомақты қарызын өтеуге, мүмкін, көмектесер деген пікірлерін білдірді. Олар зейнетақы қорындағы 200 млрд теңгені осы компанияның қарызын өтеуге жұмсайды деп санайды. Бүкіл әлемде темір жол тасымалы - кірісі жоғары бизнес.
Ал ҚТЖ-да осындай шығын қайдан пайда болды? Бұл – бөлек сұрақ, оны менің ойымша тереңінен зерттеу керек. Неліктен қарттықтықты қамтамасыз етуге арналған зейнетақы активтерімен ҚТЖ шығынын өтеуіміз керек? Менің ойымша, бұл ақылға қонымсыз нәрсе.
Жалпы, зейнетақы активтері шығынға батқан өндірістерге қолдау көрсету үшін жасалып отырған жоқ. Олар, біз бірнеше мәрте айтқандай, инфрақұрылым нысандарын, жаңа өндірістерді құру мақсатымен экономиканың нақты секторына инвестициялау үшін қызмет етеді. Президент бұл туралы ішінара айтты. Және мен онымен толық келісемін.
Бірақ елдегі бүгінгі жағдайды да ескеру керек: бізде меморган қызметтерінің ашықтығы жоқ, сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары, қаржының мақсатты пайдаланылмау деңгейі жоғары, тендерлер де барынша әділ емес, мемсатып алу кезіндегі бағалар тым жоғары. Осындай бұлыңғыр ортаға зейнетақы активтерін инвеситициялау онша қауіпсіз емес, бұл қаржы ондай операцияларға арналмаған.
- Ал енді Сіз 350 млрд теңге 2016 жылғы республика бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады деген идеяға қалай қарайсыз?
- Бұл идея жаңалық емес. Зейнетақы активтерімен барлық жылдар бойы қандай да бір бюджеттік тесіктерді жабуды жүзге асырып келеді. Алайда мұнай бағасы жоғары болып тұрғанда, мұндай операциялар қауіпті емес болатын, себебі мемлекет жолын табатын. Ал қазір шикізат бағасының төмендеуіне байланысты бюджеттің кіріс бөлігі зардап шегіп отыр.
Бизнесті түбегейлі басып тастады – соған және дағдарысқа байланысты салық та түсіп кетті. Сондықтан зейнетақы активтерін бюджетке жұмсау экономиканың нақты секторына жұмсағаннан да - кіріс тұрғысынан болсын, сенімділік пен қайтарымдылық тұрғысынан болсын өте қауіпті.
Оның үстіне бюджет біз бен сіздің салығыңыздан құралады. Сонда бюджетті толтырудың барлық көздерінің арасынан жалғыз қалғаны салық пен оған тиесілі активтері болып отыр, атап айтсақ, зейнетақы активтері. Себебі егер «еркін» емес (осындай терминологияны қолданайық) зейнетақы төлемдері туралы айтар болсақ – ал ол 3,5 трлн теңге – оның жартысы онсыз да салынған, соның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, яғни олар белгілі бір деңгейде бюджет тесігін жауып отыр.
-Сіз бюджетке қатысты жағдайды қалай бағалайсыз?
- Елде бюджетке қатысты қалыптасқан жағдай, валюта бағамының құлдырауы, бағдарламалардың орындалмауы, соңғы 25 жылда мемлекетті тиімсіз басқару нәтижесі болып табылады. Үкімет қабылдап отырған шаралар зейнетақылық салымдардың аздаған кірістілігін қамтамасыз ете алады. Менде мембағдарламаларға, мемжобаларға салған инвестицияларым күмән тудырады.
Неге? Қазақстан Республикасының барлық 25 жылдық тарихын көрсетіп отырғандай, жемқорлықтың тым жоғарылығы себепті кез келген қаражат не ұрлану не мақсаттан бөлек пайдалану қаупіне ұрынады. Ондай қауіпке зейнетақылық активтерді тігу – өте қауіпті.
- Демек, активтерді салатын да жер жоқ па?
- Ол қаражатты мен бүгіндері инфрақұрылымдық жобаларға салмаған болар едім. Сенімділік дәрежесіне қарасақ, екі ауыртпалықтың кішісін алсақ, инвестицияны тек мемлекеттік құнды қағаздарға салу артық болар еді, себебі қаржы министрлігі мен Ұлттық банк - ұлттық холдингтер мен банктерге қарағанда сенімді борышкерлер.
Бірақ, қайталап айтам, жаппай жемқорлық жағдайында ел ішіндегі кез келген инвестицияның тәуекелі тым жоғары. Сондықтан, осы жағдайдан арылу үшін мен елде саяси реформа керек деп қайталап келемін. Тек осы жағдайда меморган жұмыстарының ашықтығын қалпына келтіру мүмкін.
Сол кезде инвестицияның әр түрін салыстыруға және тәуекелі аздарын таңдауға болады. Өйтпеген жағдайда бүгінгі саяси жағдайда, шенеуніктер ойына келгенін істеп жатқан, өз әрекетінде тізгінсіз кеткен жағдайда, ел ішіндегі кез келген инвестиция (қандай қаражат салынбасын) қауіп-қатерге ұрынады – шенеуніктерге қандай қаражатты жымқырғаны маңызды емес, олар бізде бәрін жұтуға дайын.
- 500 млрд теңгені валютаға алмастырып шетелге инвестицияламақшы. Мүмкін ол дұрыс шығар?
- Мен ол инвестицияны мүлдем түсінбеймін. Неге? Бізде елдегі барлық мәселелер шешіліп қойылған ба? Егер оны Норвегия немесе БАӘ жасап жатса, түсінер едім, оларда барлық мәселелер шешіліп қойылған шығар. Бізде, билік өзі айтып отырғандай, экономикамыз дағдарыста, бізде шешілмеген мәселелер өте көп. Қаражатты азғантай пайызбен шетелге инвестициялаудың қажеті неде?
- Бірақ Е. Досаев оны портфельді әртараптандыру және кірістілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында керек деп отыр...
- Е. Досаев ойына келгенін айта берсін. Оның сөзінің парқы шамалы. Кірістіліктің артуы болмайды. Ал әртараптандырудың ешқандай мағынасы жоқ. Алайда, шетелге салынатын инвестиция кірістілігі аз болады (1-1,5%), бірақ сақталу ықтималдығы жоғары болады.
Оны мен тиімді инвестиция деп есептемеймін. Тұйық шеңбер болып тұр. Е. Досаевтың мәлімдемесін осы тұйық шеңберді үзуге деген әрекет деп бағаласа болады, бірақ мен оның айтқандарының біріне де сенбеймін. Жалпы біздің үкіметте мен мүлтіксіз сенетін бір де министр жоқ. Оған менің құқығым бар.
- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage