Айдархан Құсаинов: Жинақтарды юаньмен сақтаған жөн

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Brexit көпшілік айтып жатқандай қорқынышты емес, және әлемдік валюта нарығына мүлде басқа факторлар ықпал етіп отыр. Міне нақ солар доллардың әлсіреуіне және жаһандың қаржы жүйесіндегі оның рөлінің өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Соның ішінде еуро мен юаньның орны қандай болмақ, және қазақстандық теңгенің орнықтылығының қоры қандай, бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігіне экономист, Almagest компаниясының бас директоры Айдархан Құсаинов айтып берді.

- Айдархан Маратұлы, соңғы жағдайларға байланысты қазір әлемдік валюта нарығындағы жағдай қалай?

- Шын мәнісінде бәрі жақсы, ешқандай қысқа мерзімді түбегейлі өзгерістер жоқ және болмайды, себебі британдық референдумның ЕО-дан шығу туралы қорытындысы өздігінен ештеңеге әсер ете алмайды. Иә, бұл психологиялық есеңгіреу, бұл қандай да бір шындық және т.б., дегенмен Ұлыбритания әзірге сол күйінше Еуроодақта қалып отыр, әзір ол ресми түрде одан шыққан жоқ. Егер қысқаша айтар болсақ, қазір нарық алып-сатарлықтан (осы жаңалыққа қазір түрлі алып-сатарлық әрекеттер жүзеге асырылуда) аздап кетеді, байбалам салу тоқтатылады және барлығы тепе-теңдікке қайта оралып, барлығы тынышталады. Сосын барынша ұзақ мерзімді механизмдер мен эффектілер қосылады, дегенмен олар баяу және білінер-білінбес болады. Және оның Brexit –пен байланыстығы немесе әлемдік экономикадағы басқа жалпы проблемалармен байланысы бары түсініксіз блады.

- Ал егер Ұлыбритания ЕО-дан түбгейлі шығатын болса?

- Ол кезде де экстраординарлық ештеме болмайды, себебі бұл үрдіске екіден бес жылға дейін уақыт кетеді. Екіншіден, ЕО-дан шықпастан бұрын, Ұлыбритания ЕО-мен жаңа талаптар мен өзара қарым-қатынас туралы келіссөздер жүргізетін болады. Сондықтан ешқандай да апаттық жағдай орын алмайды. Әлемдік нарық сәйкесінше Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын сезініп, соған сәйкес әрекет ететін болады, егер ол шын мәнінде болатын болса. Десек те ол бір минут ішіндегі құлау, күйреу, ұшып кету немесе жығылу болмайды, барынша бірқалыпты үрдіс болады.

- Яғни ол еуро мен фунт стерлингінің бағамына әсер етпейді ғой?

- Әрине, жоқ. Ол еуро бағамына ешқандай да әсер етпеді. Brexit –тен кейін еуро индексі түбегейлі түрде өзгерген жоқ, бүігнде ол үш ай бұрынғы деңгейде, тіпті бес ай бұрынғы деңгейден де жоғары, егер бағамның өзіне қарар болсақ, онда иә, британдық фунт әлсіреп қалды, қалпына келген жоқ, дегенмен еуро индексі сол мәнінде қалды.

- Қалай ойлайсыз, Ұлыбританияның артынан басқа елдер де Еуроодақтан шығып кеткілері келмей ме, және ол еуро мен жалпы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді?

- Иә, басқа елдер де Еуроодақтан шығып кетуі мүмкін деген болжам бар, және мен ол барынша аз деп ойлаймын. Бүгінде жағдай белгісіздік фазасына түсті, ал белгісіздік ең алдымен басқа елдердің ЕО-дан шығуға қаншалықты мықты тырысатындарымен байланысты, сонымен қатар көшбасшы елдер ішіндегі қозғалыстың қаншалықты мықты болатынымен байланысты. Еуропарламентке Франциядан, Даниядан, Англиядан және т.б. елдерден еуроскептиктер өтті. Яғни Еуроодақтың одан ары қарай тарау мүмкіндігі өте жоғары және британдық референдумнан кейін күрт артты, алайда бұл үрдістің одан ары қарай қалай өрбитіні әзірге ешкімге белгілі емес, бұл белгісіздік жолағы.
Бұл еуроға қалай әсер етеді? Қазір біздің белгісіздік жолағында болуымызға байланысты, ол әзірге түсініксіз. Егер шынымен де еуро аймағынан жаппай кету орын алса, онда еуро мықты әлсіреуді бастайды. Бірақ тіпті жаппай кету болмаса да, еуро әлсіреуі мүмкін, себебі қандай да бір күшейтулер мен еуро аймағындағы елдердің ішкі даулары болады, ол жерлерде еуроскептиктер көп.

- Мынадай нұсқа болуы мүмкін бе, Еуроодақ құлайды және еуро валюта ретінде мүлде жоғалады?

- Теория тұрғысынан болуы мүмкін, бірақ мен ойлаймын, бұл жақын болашақтың мәселесі емес. Мен еуро валюта ретінде көпке дейін жоғалмайды деп ойлаймын. Бірақ басқа сұрақ – еуро мықты немесе әлсіз валюта бола ма және ол кімнің валютасы болады.
Негізі, Еуроодақтан елдердің жартысы шығып кете алады, және бұдан еуро тек ұтады. Мәселен, Еуроодақтан Балтық жағалауындағы секілді әлсіз елдер шығар болса, еуро нығая түседі.

- Меніңше, әлсіз елдер ешқайда кеткелі жатқан жоқ …

- Еуроның үлкен проблемасы да сол, мықтылары кетіп жатыр. Мен еуро жақындағы 3-5 жылда жоғалады деп ойламаймын. Ұлыбритания әлі өзінің кететіні туралы ресми жариялаған жоқ, мына Brexit орын алған факті ретінде өте маңызды, дегенмен экономикалық салдар тұрғысынан – олардың барлығы алдағы 5-7 жылда болады. Дегенмен Brexit-тің маңыздылығы сонда, ол орташа жедел болашақта саяси шындықты өзгертті, және өзінің артынан домино эффектісіне жол беруі мүмкін. Бірақ тіпті осы эффект орын алған жағдайда да, әр ел үшін ЕО-дан шығуға келіссөздер жүргізу үшін 2-3 жыл керек.

- Жақында БАҚ-та АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін доллар бағамы мықты әлсіреуі мүмкін деген пікір айтылды. Осындай қауіптер қаншалықты негізделген?

- Жақсы сұрақ! Қазір әлемдік экономика, әсіресе батыстық, және барлық әлемдік қаржылық жүйе тұрақсыз күйде тұр, және бүгінгі күні болуы мүмкін жағымсыз салдарлар Brexit-пен байланысты емес. Әлемдік экономика тап болып отырған проблемалардың қасында, Brexit – орнықты бірнәрсе емес, ол сол проблемалардың бір бөлігі ғана. Ұлыбританияның шығуы қаржылық жүйеде немесе экономикалық жүйеде аса бір м аңызды нышанға ие бірнәрсе деп айтуға болмайды. Мұны жалпы құлдыраудың бір буыны және жүйеның нашарлауы деп түсінген маңызды, яғни Brexit орын алып жатқан проблемалардың шындап сезіле бастауы, бірақ өздігінше проблема тудырған жоқ.
Мен сенімдімін, алдағы 2-3 айда қандай да бір турбуленттілік болады, мүмкін, АҚШ қор нарығындағы құлау, және американдықтардың экономикалық проблемасы күшейе түсетін шығар. Көптеген индекстер, әсіресе Brexit –ке жауап қатқан американдық қор британдық референдум қорытындысы салдарынан құлаған жоқ, нарықтар түзетулерді күткеннен болды. Яни, негізінен олардың құлауы ЕО-дан шығуға дауыс беру фактісімен байланысты емес – бұл шешім қандай да бір шүріппе секілді, сылтау, түрткі секілді болды.
Доллардың әлсіреуі әбден мүмкін, бәрақ мәселе Дональдтың, Трамптың немесе Хиллари Клинтонның жеңетінінде емес, АҚШ экономикасы ішінде үлкен проблемалар барында, және мүмкін, әңгіме мынада шығар, доллар кімнің тұсында барынша көп құлайды, Клинтонның ба, әлде Трамптың ба.

- Ол шамамен қанша құлауы мүмкін?

- Бұл жерде бір нәрсені болжау қиын, бұл нәрселерге түсініктеме беру қиын. Жағдайдың қалыптасқаны сондай болғандықтан Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) ақырын ғана пайыздық мөлшерлемелерді көтеруге әрекеттенді. Бір жағынан ол инфляция болғанын қалайды, екінші жағынан – экономика әлі сауықпағанын көріп отыр. Осы кезде Brexit орын алды. Доллар өздігінен күшейіп шыға келді. Енді ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді көтеруді кейінге қалдырды. Еуроодақтың Орталық банкі еуроны әлсіретпек болып сан жағынан жұмсарту бағдарламасын бастады. Brexit орын алды да еуро өздігінен құлады. Яғни ЕО Орталық банкі өзінің бағдарламасынан бас тартты, ал ФРЖ да өзінің пайыздарын көтеруден бас тартты. Бүгіндері доллар нығайды, ал АҚШ оны онша қаламаған да еді.
Барлық жерде де өзгерістер қатарынан орын алып жатыр, сондықтан бір нәрсені болжау да қиын. Барлығы да барлық жерде орнықты болған кезде болжау да оңай, ал барлығы да тербелісте болып тұрғанда оны болжау да қиын. Ал біз қазір дәл осындай жағдайда тұрмыз. Мен жоғарыда айтқандай, қазір бүкіл әлемдегі қаржылық және экономикалық жүйеде дағдарыс болып жатыр, ал олар өзара өте тығыз байланыста. Осы жерде Brexit-ке жапондық қор биржалары қатты әрекет танытты, ал сырт қарағанда оларда тікелей байланыс жоқ сияқты.

- Осы жағдайда қандай валюта ең тұрақты болуы мүмкін?

- Оны айту күрделі, себебі барлығы өзгеруде. Қазір аздап болса да тұрақты болатыны валюталар емес, алтын (оның бағасы қазір көтерілуде) болады, мұнай да сондай болуы мүмкін, бірақ қазір мұнай шартты түрдегі актив. Қазір валютаның ішіндегі ең тұрақтысы - юань
- Юаньнан бәрі де басталды. Юань бағамы құлаған еді бәрі де құлдырап шыға келді...
- Жоқ, бәрі де одан әлде қайда бұрын басталған. Біздің көріп отырғандарымыз сыртқы факторлар ғана. Юань бағамының әлсіреуі орын алған нәрсеге берілген жауап қана...Егер қытайлық экономикаға қарасаңыз, есіңізде болса, Шанхай биржасының индексі екі есеге құлады деп жазған, қытайлық дағдарыс орын алғанда? Оның алдында бір жыл бұрын ол үш есеге артқанын бәрі де ұмытып кетті. Шамалап алсақ, бір жарым жылда ол бір жарым есе өскен.
Екінші мәселе: юань үнемі нығайып келген, және алғаш рет аздап «девальвацияланды». Юаньда кері «девальвациялану» үшін, айталықтай, үш жылдық артық мерзім болған.
Үшінші мәселе – юанның девальвациясы ХВҚ-ның алдымен юаньды резервтік валюта деп мойындауға уәде беріп, кейін одан бас тартуымен байланысты болды. Қытайлықтар юаньды сәл ғана 3-4% девальвациялаған еді – керемет! – бір ай өткесін ХФҚ келесі жылы юаньды резервтік валюта деп мойындайтынын уәде етті. Кездейсоқ шығар, бірақ осы екі дерек осылай келді.

- ХВҚ өз уәдесінде тұратыны қаншалықты нық екен?

- Меніңше оның мүмкіндігі өте жоғары, себебі ондағы сиқыр келесіде: ХФҚ валютаны резервтік деп әр төрт жылда қарастырады. Қытайлықтарды 2011 жылы бір рет «лақтырып» кетті, және осы әңгімеге 2015 жылы ораламыз деп уәде етті. Ал 2015 жылы ХВҚ «жоқ» деді, ал ол «енді бұл мәселеге 2019 жылы ораламыз» дегенді білдірді. Юань 4% құлаған еді, ХВҚ 2019 жылға дейін күтудің керегі жоқ деп шешті.
Екінші мәселе – иә, бәрі де Қытайдан басталған сияқты, ал шынында 2015 жылы Еуропалық Орталық банк өзінің сандық жұмсартуын бастады, және еуро едәуір әлсіреді. Дәл осы кезде ФРЖ пайыздық мөлшерлемені көтеруге әрекеттенді де кейін онысынан қатты қорқып қалды. Яғни онда екі бағыттағы қозғалыс орын алды: еуропалықтар бұдан былай күшті еуроны көтере алмаймыз, сондықтан әлсіретеміз десе, ал АҚШ сол кезде экономикамыз қалпына келген екен деп ойлап қалды да қатты қателесті.

- Резервтік валютаға басқа да үміткерлер бар ма?

- Резервтік валюта ретінде доллар мен еуро қала береді. Доллар аздап әлсіреуі мүмкін, ал оның рөлі қаржы жүйесінде өзгереді. Еуро да қалады. Осы сапада олар әлі ұзақ мерзімге қалады. Олардың рөлдері айтарлықтай төмендейді. Юань ресми түрде резервтік валюта болмағанымен іс жүзінде солай болып тұр да. Ал әзірге басқа үміткерлер жоқ.
Қытайдың әлсіздігі туралы қаншама көп айтылғанымен нақты іс жүзінде ол жаһандық тұтынушы және АҚШ-пен салыстырғанда қарызы аз. Бұл екі салыстыруға келердің экономика, бірақ біреуі қарызға белшесінен батқан ескі экономика да, екіншісі қарызы аз жас экономика.
Ең бастысы Қытай экномикасы нақты өндіріске негізделген. Ал АҚШ экономикасы бренд құны, стартап және т.б. сияқты нәрселерге негізделген. Технологиялық экономика деп мақтан тұтатыны шын мәнісінде, мысалы, айфон шығаратын Apple компаниясы – әлемдегі ең үлкен айфон шығаратын компания, және айфон бағасы $600 тұрады. Бірақ оның өндірісінің нақты құны $20, ал оны шығаратын зауыттар Қытайда орналасқан. Ал айфондар $600 тұрады, себебі $500-дан астамын Apple бренді үшін төлейміз.
Дәл сол сияқты, 2000 жылдың басында дотком жарылып кеткенді, себебі сол кезде сынайын деп тұрған үстелдегі бір бағдарламашы мен бір компьютер миллард доллар тұрмайтынын түсінген еді. Сол сияқты айфон иммиджі де жарылып кетуі мүмкін, және нарық қытайлық Xiaomi-ге өтеді. Ал айфонның да басқаның да өндірісі Қытайда орналасқан ғой. Шын мәнісінде «технологиялық экономика» деген кеудемсоқ фразаның артында көптеген тауарлардың бағасы «брендинг», «қосымша құн», «келешектің технологиясы» және сол сияқты жылтырақ нәрселермен асыра қымбаттатып жібергендігі жатыр. Кез келген сәтте нарық осы заттардың психологиялық бет пердесіз нақты бағасы қандай деп сұрауы әбден мүмкін?

- Егер доллар әлсірей бастаса, ол теңгеге қалай әсер етеді?

- Шын мәнісінде Қазақстан экономикасы үшін доллардың теңгеге қатынасы емес, теңгенң рубльге қатынасы маңызды. Егер доллар әлсірей бастаса, басқаша тең жағдайда ең алдымен мұнай қымбаттай бастайтын шығар. Ақпан айынан кейінгі мұнай бағасының қымбаттауы доллардың арзандауымен байланысты болып отыр. Егер мұнай қымбаттаса, рубль де қымбаттай бастайды. Сәйкесінше, теңге де қымбаттайды. Бұл жерде тағы Бұл жерде тағы бір фактор бар: егер доллар қатты әлсіресе, ол дегеніңіз саяси қысым да азаяды деген сөз, Ресейден санкцияларды алып тастауы мүмкін, Ресей қарымта санкцияларды алып тастайды, онда рубль одан да күшті қымбаттайды.

- Онда қазір жинақты неде сақтаған тиімді? Юаньда ма, рубльде ма?

- Валютаны таңдау үшін сіз неге қатысты пайда тапқыңыз келетінін түсінуіңіз керек. Бұл әр кез өте маңызды нәрсе: егер сізге юань керек болса, онда жинағыңыз юаньмен болсын, ал егер сіз Еуропаға барып жүрсеңіз, еурода сақтаңыз.
Валютаның сақталуы тұрғысынан бәрібір валютаны не еурода, не долларда т.б. сақтағаныңыз жөн. Олардың барлығы резервтегі валюта және олардың барлығы да бірдей жүріп отырады, олардың өзара тербелісі онша көп болмайды. Бірақ мен Қытайға назар аударуларыңызды сұраймын, себебі Қытай өз міндеттері бойынша дефолтқа ең соңында баратын мемлекет.
Және мен бүгіндері жинақты теңгемен сақтауға кеңес берер едім, себебі теңге бүгіндері өзінің девальвациялық мұмкіндіктерін толығымен сарқыған валюта, және ол бүгінге ең мықты валюталардың бірі. Ол қазір мықты, себебі аздап артық әлсіретілген, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,1 – 5,2, ал теңгерім 4,5 -4,7 аралығында болуы керек. Дегенмен мен теңгені әлі де болса, аздап әлсірету керек деп есептеймін, бірақ ол орташа келешектің үлесінде. Тағы қадап айтамын, теңге алда да саналы түрде әлсіретілгенімен ол тиімді валюта болып қала береді, себебі ондай әлсіреу тек мақсатты түрде және теңгерілімді сәйкес саясатта ғана орын алуы мүмкін, демек, орташа келешекте жинақты теңгемен сақтау тиімді болмақ.


- Яғни алдағы уақытта бізге жаңа девальвация қаупі жоқ қой?

- Дәл айтасыз. Теңгенің мықтылық қоры үлкен. Теңгені тек әдейі, күштеп қана әлсіретуге болады және тек сәйкес экономикалық саясат болғанда ғана ол мүмкін. Бірақ ол қазір жоқ. Демек доллар үшін 330-340 дәлізі ол теңгенің өзін сақұтайтын дәлдізі болса керек.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет!

adimage