Айдын Құлсейітов: Қазақстан аумақтық кластерлерді қаржыландыруға 3 млрд теңге бөлуге дайын

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан келесі жылдан бастап аумақтық кластерлерді дамытуға қайта оралады. Оны қаржыландыруға мемлекет қанша қаражат бөлуге дайын екендігі және іріктеу критерийлері туралы ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов айтып берді. 

 - Аумақтық кластерлерді дамыту жөніндегі ұсыныстың мәнісі неде? 

 - Мысалы, облыстағы сүт кластерін алайық. Онда қуатты қауымдастық бар, 8 сүт зауыты, 6 совхоз бен мал бордақылау алаңдары бар. Бұл сүт өндірушілер, бірақ олардан басқа кластерлік қауымдастыққа Ресей қалаларында астық бойынша өкілдіктері сауда үйлері мен фирмалар барлар кіре алады. Бірақ ол, астықтан басқа мен Ресейге сіздердің сүттеріңіз бен балмұздағыңызды апарған болар едім дейді. Менің сауда өкілдіктерім бар, ритейлермен (бөлшек саудамен айналысушы – ҚазТАГ) келісімдер, алаңдар бар. Іс жүзінде ол сүтпен емес, астықпен айналысады, бірақ ол ритейлер, саудагер ретінде, қазақстандық сүт Ресейге кете алуы үшін және экспортқа шыға алуы үшін қауымдастыққа кіре алады. Ол іс жүзінде онымен айналыспаса да кластерге қатысушы. Тура сол сияқты ЖОО-лар. Ол мамандарды дайындайды да, айтады: мен сіздерге кіргім келеді, менде сүтке қатысты нақты мамандықтар жоқ, егер сіздер қаласаңыздар, біздер оны бірлесе дайындауымызға болады – маған жабдықтар керек және өздеріңіздің фермаларыңызда және зауыттарыңызда суденттердің тәжірибеден өтуіне рұқсат берсеңіздер болды. Кластер дегеніміз осы, яғни, егер кластерге қатысушылар қандай да буындардың жетіспей тұрғанын көрсе, онда олар сол компанияларды кластерлік бастамаларға кіргізу үшін тарта алады. Мемлекет алғашқы 2 жылда бюджеттен 60 млн теңге бөліп, шығындардың 75%-ын қайтарады және одан кейінгі 3 жылда 40%-ын қайтарады. Кластерге қатысушылар саны салаға байланысты болады, бірақ кем дегенде 10-30 болады. Кластерлерді құру бастамасын өңірлік кәсіпкерлік палаталары, ӘКК, ЕЭА (әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары, арнайы экономикалық аймақтар – ҚазТАГ), және бизнес-қауымдастықтар бола алады. Одан басқа, кластарлерге ЖОО-лар мен ритейлерлер кіре алады. 

 - Қаражат 50/50 шартымен беріледі, яғни жартысын кластерге қатысушы, ал жартысын - мемлекет салады ма?

 - Біз әзірге алғашқы екі жылда мемлекет есебінен 75% қаржыландыруды, 25%-ын кластерге қатысушылардың өздерінің есебінен деп ұсынып отырмыз. Кейінгі жылдары 50/50, бәлкім, 40/60 болуы мүмкін, яғни бизнес көбірек салулары тиісті. Бизнес жол картасын жасайды да айтады, бірінші жылы көбірек шаралар өткізу жоспарда бар еді – кластерлік сессия өткізу, өнімді таныстыру, Ресей мен басқа облыстардан жолдарын көтеріп, серіктестерін шақыру дейді. Ол сессия 30 млн теңге тұрады. Біз оларға «жақсы» дейміз. Бірақ ол 30 млн теңгенің 7,5 млн теңгесін бизнестің өзі төлеуі тиісті, ал 22,5 млн теңгесі біз бөліп отырған 60 млн теңгенің ішіне кіреді.

 - ЖОО-лар мен ритейлер де осы ақшаның бір бөлігін көтеруілері керек пе? 

 - Әрине, ол бір компания, егер ол айтса: мен өзімнің базамда өткізуге дайынмын, мен 7 млн салуға дайынмын десе, мемлекет оның басым бөлігін төлей алады. 

 - Бірақ олар мемлекеттік қаражатты бөлісе алады... Өзара, не біреуіне бере алады. Ритейлерге де ме?

 - Иә. Айталық, онда зертханалық-сынақ орталығы, қандай да класстар мен т.б. бар. Егер ЖОО айтса – бұл маған керек деп, онда кәсіпкерлер өздері жиналып қаржы бөледі, не ЖОО білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша немесе өздерінің жеке кірісі есебінен тауып оны жасайды. Қалғанын 75% түрінде біздің кластерлік қауымдастық береді. Ең бастысы мұны кластерге қатысушылардың 50%-нан астамы қолдауы керек. Яғни, біреуге ғана бұйыратын болмайды.

 - Сіз ол үдеріске араласпайсыз ба?

 - Жоқ. Біз тек оның кластер мақсаты мен міндетіне, өздері бекіткен стратегиясына сай болуына, өздерінде белгілі пропорцияда қаражаттары болуына қарап отырамыз. 

 - 5 жылдан соң мемлекеттік қаржыландыру тоқтай ма? 

 - Мұның барлығы не үшін жасалады? Әлгі, серпін жетіспейді деп айтушы ма еді... Барлық мемлекеттерде алғашқы серпінді мемлекет өзіне алады. Бізде кластерлерге қатысты белгілі тәжірибеміз болды. Егер мемлекет бастама көтеріп, өзі көрсетпесе, бизнес бұл сән болған нәрселерге онша сеніңкіремейді. Бір кездері, есіңізде болса, не болмасын: шекілдеуік сатамын – мен май өндіру саласының кластеріндемін деуші еді ғой. Сондықтан біз нақты көрсетуіміз керек, бұл пайдалы ма жоқ па екенін. Егер олар осы 5 жылда шынымен де өзімнің қаражатымды салудан, біздің бәсекеге қабілеттілігіміз артады, ол маған қызық десе – онда иә. Онда олар ары қарай өздері жұмыс істейді. Егер біздің көмегімізбен де ол іс алға жылжымайтын болса, онда кластер құрылмады. Шындап келгенде, менің білуімше, мемлекет бастама болған және қолдап жүрген кластерлер көбінде өміршең болмайды. Бизнестің өзі сияқты. Бизнестің көп бөлігі бірінші жылы банкрот болады. Сондықтан бұл жерде де сол сияқты. Біз қолдаймыз, егер бизнестің өзі қызығушылық танытып, өздері қаражат салғысы келіп отырса, және оның өзіне тиімді екеніне сенетін болса, онда ол біз қаржыландыруды тоқтатқанымен жұмысын жалғастырады. Егер қаржыландыру тоқтаған соң, кластер жұмысын жалғастырып, өзін қаржыландыра алатын болса – демек кластер құрылды және ол табысты деп айтуға болады. Демек, ол адамдарға керек. Егер кластар жұмысын бірден тоқтатса, ол жасанды түрде жасалған құрылым болғаны. - Бұрындары кластер құрудың оң тәжірибесі болып па еді? - Әрине, болды.

 - Бұрынғы қазақстандық кластерлердің арасында тірі қалғандары бар ма? 

- Кластер дегеніміз не? Ол кезде ұйымдастыруға, өзіндік ұйымдастыруға тыйын да бөлінбеді. Айталық, Қарағандыдағы металл мен металл өңдеу кластерін алсақ. Бәрібір машинажасау, металл өңдеу, сату өзара – мафия сияқты. Шамамен осы сияқты кластерлер құрылды. Айталық, Шығыс Қазақстан облысында бізге дейін сүт бойынша қуатты қауымдастық сақталды. Оларда бірнеше сүт зауыты, фермерлік шаруашылықтар, сауда желілері болды. Олар ішкі нарыққа жақсы жұмыс жасады, меніңше, олар өнімдерінің бір бөлігін Ресейге экспорттайды. Туристік сала. Кім не демесін, қандай да қауымдастық бар, және олар қазір өздерінің мүдделерін әр түрлі бастамаларымен заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынып, үкімет деңгейінде қуатты түрде лобилауда. Кластер – ол ресімделген түрдегі болуы міндетті емес. Кластер – бір бағыттағы жұмыс жасайтын адамдар жиналып, талқылап, өздерінің шоғырланған ортақ ұстанымдарын беріп, оны лоббилауға, дәлелдеуге және алға жылжытуға тырысады дегенді білдіреді.

 - Егер бұл төменнен басталса. Ал енді қайтадан рәсімдеудің не қажеті бар, міндетті түрде кластер деп аталу керек пе, ол өз-өзінен де солай болып жатыр ғой? 

- Өз-өзінен болып жатыр - бола берсін. Егер олар мемлекеттен қандай да бір қаржылық қолдауға ие болғылары келсе, онда қандай да бір рәсімдер болуы керек. Ешқандай елде біз ақша алғымыз келеді, оларды бізге жай беріңіз деген жоқ. Әрдайым қандай да бір рәсімдер болады. Қазір аумақтық кластерлердің міндеті - нақты қаржылық қолдау көрсету және нақты бір кластердің тілегінен үкіметті хабардар қылудың арнасын қалыптастыру және тиісті шешім қабылдату. Бағыттардың бірі - мәселелерді шешуге деген қолжетімділік - бір жерде жер берілмей жатыр, бір жерде баға көтерілуде деген секілді. Бұл мәселелер әрине, жалпы тәртіпте шешіледі, бірақ бірге жүрген көңілдірек. Біз айына бір рет барлық кластерлердің мәселесін тыңдап, тоқсанына бір рет барлық кластерлердің өкілдерін жинап, жергілікті деңгейде, үкімет деңгейінде шешілмей жатқан мәселелерді шешуге жиналу туралы айтып отырмыз. Бір кәсіпорынға немесе қауымдастыққа өзінің мәселесін жалғыз өзі шешуі тіпті қиын. Барлық аралық кезеңдерден өтер, біріқ ол өте ұзақ, сондықтан оны бірыңғай алаң арқылы шешкен жеңілірек. Алдымен бөлім басшысы, сосын басқарма басшысы, сосын өнеркәсіп басқармасы, сосын әкім орынбасары, әкім, сосын әкім министрлікке хат жазады, министр бөлім басшысына жолдайды, департамент директорының орынбасарына, департамент директоры, вице-министр - сосын барып жауабы келеді. Бұл жерде мәселені талқылап, нақты шешім шығаруға мүмкіндік беретін деңгейге бірден шығуға болар еді.

 - Барлығы неше кластер болады? Олардың санына шектеу қойылған ба?

 -Әзірге президент жарлығында көрсетілгендей, алдағы жылы пилоттық режимде үш аумақтық кластер және ұлттық мұнайхимиялық кластері болады. 

 - Nazarbayev University тағы бар…

 - Бұл инновациялық кластер - ол бойынша жеке бағдарламалар бар. Ал аумақтық кластерлер аясында тек қолдаудың үш кластері ғана іріктеп алынады. 

 - Бұл алдағы 5 жылға ма? 

 - Бұл алдағы 5 жылға емес, алғашқы конкурсқа. Келер жылы біз байқау өткізіп, іріктеп, қаржыландыруды бастағымыз келіп отыр. Қазір 10 өтінім түседі деп те сеніммен айта алмаймын. Мүмкін бар болғаны 3 өтінім түсетін шығар. Онда оны кеңейтудің мәні де жоқ. Нақты қалыптасқандарын қолдау керек. Ал мүмкін 100 өтінім түсер, онда үкіметке шығып, екінші рет байқау өткізуді сұрап, арасынан 10-ын таңдаймыз. Жалпы республиалық бюджет көлеміндегі қаражат көлемі де көп емес.

 - Аумақтық кластерлерді қаржыландыруға барлығы қанша қаржы салынған?

 -Біз қазір қанша қаржы керек болуы керектігін түсінуге тырысып жатырмыз. 60 млн теңге оған қоса кадрлардың біліктілігін арттыруға 20 млн теңге, зертханалар , оқыту оратылықтарын құру мен инфрақұрылымға 100 млн теңге, оның барлығын ұстауға 100 млн теңге бөлінеді деп болжанып отыр. Сонда барлығы бір кластерге 280 млн теңге болып отыр. Бұл әзірге біздің болжап отырғанымыз.

 - Бір жылға ма?

 -Тұрақты шығындар 60 млн қосу 20 млн, қосу 100 млн -180 млн теңге жыл сайын, және инфрақрылымға бір реттік - 100 млн теңге. Яғни 2 жылда 75% болса, қалған 3 жылда 40-50%, сонда 5 жылда әр кластерге 1 млрд теңгеден келеді. Немесе, болжап айтсақ, 3 млрд теңге. Алайда бұл тек біздің болжамымыз, олар әлі тіпті үкімет деңгейінде де, министрлік деңгейінде де талқыланған жоқ, себебі біз бизнесмендердің өзімен ақылдасқымыз келеді, осы жете ме, жоқ па деп. Мүмкін көп шығар, ал мүмкін бұл жетпейтін шығар.

 - Яғни бұл сома өсуі мүмкін бе?

 -Сома өсуі мүмкін. Ең бастысы - түсіну, мүмкін біз бір жерде бірдемені көзден таса қылып алған шығармыз. Мүмкін қандай да бір ерекше тетіктер көмегі керек шығар. Мен оның кластер болғаны үшін ғана инновациялық грантты, лизинг немесе тағы бірдемелерді бере салу дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл қаржыны басқа бағдарламалар бойынша алғыңыз келе ме? Бәрекелді, жалпы негіздерде. Егер сіздің грант алу кезінде шағымдарыңыз болып жатса, онда сіз бұл мәселені аумақтық кластер алаңы бойынша жоғары деңгейге шығарып, ол бойынша нақты әрекеттердің болатынына сенуіңізге болады. 

 - Басым салалар бойынша. Сіз үдемелі дамудың екінші бесжылдығына қазір белгіленіп қойылған 14 басым саладан таңдайтын боласыз ба?

 - Негізі басымдықтар бар. Бірақ екінші бесжылдық туралы жарлықтың өзінде 70% басым салаларға және 30% - ын инфрақұрылымды қоса алғанда басқа салаларға бөлу көрсетілген. Сол 70%-дың ішін де 80%-ын басым салаларға, 20% -ын басымдығы аз салаларға бөлеміз. Мәселен, бізде түсті металлургия басымдықа ие. Бұл дегеніңіз тек түсті металлургиямен айналысатын кәсіпорын дегенді білдірмейді. Кластер - оған қарағанда кеңірек. Яғни, бұл дегеніңіз шикізат жеткізушілер, таранспорттық компаниялар, мүмкін тұтынушы-машина жасаушылар шығар, энергетиктер және т.б. Бұл бір бағытта жылжитын үлкен сала. Мысалыға айтсақ, егер фармацевтикалық кластер құрылса, онда әлбетте инновациялық әдістер қолданылады. Мүмкін ол Nazarbayev University-мен бірге жұмыс жасайтын шығар, Nazarbayev University екінші бесжылдық аясындағы басымдықтардың құрамына кіреді. Басым бағыттармен айналысатын кластерлерді ғана бөліп алу өте қиын. Айтайық, сауда басым бағытқа жатпайды, алайда ол кластердің бір бөлігі болуы мүмкін. Қандай жағдай болғанда да кластердің жетілгеніне, анық көрінуіне, оны қалай дамыту керектігіне, бизнестің оған дайындығына қарайтын болады. 

 - Әзірге шектеу жоқ па?

 - Біздің ойымызша жоқ. 

-Ал егер қандай да бір сәйкестіктер болып жатса ше? Айталық Қазақстанның екі бөлек өңірінде орналасқан бір саладағы екі кластер…

 - Екі кластер болуы мүмкін. Шын мәнісінде тіпті үш кластер болып қалуы да мүмкін: екеуі- сүт бойынша, біреуі - туризм бойынша. Ондай болуы да мүмкін, бұл жерде сапасы мен оның дайындығына көңіл бөлеміз .

 - Сұхбатыңызға рахмет.

adimage