Қайрат Омаров Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ – Қайрат Омаров Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарламада.
    
Омаров 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның Австриядағы Елшісі (2021 жылдың қазан айынан бастап – бір мезгілде Словенияда), сонымен бірге Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, оған дейін 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, одан бұрын 2013 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметін атқарған.

adimage