Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Айсұлтан Назарбаев суицид жасамақ болды, деп хабарлады CourtNews.uk британдық басылым. .
«Қазақстанның тұңғыш президентінің ұлының полицейді тістеп алуы бойынша сот тыңдалымы өтті. Полицей оған өз-өзіне қол жұмсауына кедергі келтірмек болған. Айсұлтан Назарбаев полицей Россу Сэмбрукуді (Ross Sambrook) өте қатты тістеп алған деп айыпталуда, ал ол полицей болса оны ағымдағы жылдың 5 маусымында Ковент-Гардендегі пәтерінде (Лондондағы көрікті аудан) тапқан», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 28 жасар жас жігіт алдағы бейсенбі күні сотта ісі қаралғанға дейін қамауға алынған.
Айсұлтан Назарбаев суицид жасамақ болды – британдық БАҚ
