Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ – Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Айтаханов 2016 жылдан бастап Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі, оның алдында 2014-2016 жылдары Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) әкімінің орынбасары, 2012-2014 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болған еді, ол бұл қызметке 2018 жылдың маусымында тағайындалған.
Атап өтелік, Шымкент әкімі Әбдірахымов қызметінен кеткенге дейін, ол өзінің Instagram парақшасында Лондон көшесінде қыдырып жүрген ролигін жүктеген. Роликте ол Лондонды «әлем астанасы» деп атап, қазақстандықтар Қазақстанда тұрып, жұмыс жасап, әлемге саяхаттаулары керек деп мәлімдеген. Көптеген қазақстандықтар Шымкенттің қазіргі экс-әкімінің мәлімдемесін сынға алып, Қазақстанның көтеген халқының тіпті өмір бойы жұмыс жасаса да әлемге саяхаттай алмайтындарын жеткізген. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде еуропалық нәсілдегі әйелдің шомылу киімімен кеме бортында Әбдірахымовқа ұқсас ер адаммен бірге түскен суреті тараған. Суреттің астында ол жанындағы адамды «күйеуім» деп көрсеткен.
Айтаханов Шымкент әкімі Әбдірахымовтың орнына келді
