Айыппұлдары туралы хабарламалар енді қазақстандықтардың ұялы телефондарына жолданады

Күні: 13:49, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Техбайқаудан өту керектігі туралы, жол қозғалысы ержесін (ЖЖЕ) бұзғаны үшін айыппұл төлеу туралы хабарламалар  қазақстандықтардың ұялы телефондарына жолданатын болады, деп мәлімдеді инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.

«Біз ұялы телефондар арқылы көрсете алатынымызды, үкіметтен халыққа үшінші терезе арқылы айта алатынымызды көрсеттік… Қызмет көрсетуден басқа, біз push-хабарламалар да жібереміз, яғни техникалық байқаудан өту керектігі туралы хабарлайтын боламыз. Себебі кейде жұмыспен жүріп, қай күні өту керектігін ұмытып та кетіп жүреміз. Ал біз соны естеріне саламыз. Біз сол азамат төлеу керек айыппұлдар туралы да естеріне салып отыратын боламыз», - деді А. Жұмағалиев жұма күні парламент сенатының депутаттарымен кездесуінде.  

Вице-министр мобильді үкіметтің мемқызметті тұрғындарға жақындататынын атап өтті, себебі қазір ұялы телефоны жоқ адамды кездестіру қиын.  

«Және тұрғындарға қол жетімділіктің осындай үлкен базасы қолданылмай қалмау керек  және мобильді үкімет  осы ұялы телефондарды халыққа жылдам қызмет ұсыну саласында пайдалануға бағытталған.  Қазіргі таңда біз тұрғындарға 13 қызмет ұсынып отырмыз. 2014 жылдың аяғына дейін 50 қызметке жетеді, ал 2020 жылдарға қарай электронды қызмет пен сервистің 40%-ы мобильді үкімет арқылы ұсынылатын болады», - деді А.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, былтыр электронды үкімет 38 млн қызмет ұсынды, биыл 40 млн-дан астам қызмет көрсетілген.  

«2013 жылы біз 114 құжатты портал арқылы халыққа ұсындық, биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды 100% автоматтандырамыз. Абсолюттік үлкендігі: 224 449 лицензия мен 445 732 рұқсат электронды түрде берілді», - деді ол.

Ол қазіргі таңда 81 лицензияның тек электронды түрде берілетінін еске салды.  

А.Жұмағалиев қазіргі таңда «мобильді үкімет» қызметін 360 шенеуніктің қолданып жатқанын айтты, олар құжаттарына кеңсе сыртында жүріп-ақ планшеттері арқылы қол қоя алады.  


Жаңалықтармен бөлісу: