Айыптаушы Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

   Астана.28 наурыз.ҚазТАГ- Айыптаушы Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды HOLA News Kazakhstan.
  «Айыптаушы тарап Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшысы Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа да сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Сотталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.
   Дегенменде, айыпталушылар өзіне тағылған айыппен келіспейді.

adimage