Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында халық батырлары туралы "Ақтан батыр" және "Бекарыстан би" кітаптары жарық көрдi

Қызылорда. 12 қазан. ҚазТАГ – Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында халық батыры Ақтан Ақайұлы мен Бекарыстан би Амалдықұлының мерейтойлары қарсаңында баспадан "Ақтан батыр" және "Бекарыстан би" кітаптары жарық көрдi, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасынан.
Хабарда айтылғандай, аталған жинақтарда батыр бабаларымыздың ерлікке толы өмірі мен жауға қарсы қиян-кескі шайқастары, адамгершілігі, имандылығы жайлы сыр шертіледі. Жинақты дайындау барысында әруақты бабалардың өткен өмір жолдары мен оларды дәріптеу, насихаттау мақсатындағы атқарылған шаралар жайлы да дәйекті материалдар қамтылған. Екі жинақ та мұрағаттық құжаттарға және ел аузындағы аңызға айналған әңгімелерге негізделген. Оқырмандардың кітапты зерделей отырып, Отанды сүюдің, елдіктің, азат өмір мен теңдіктің не екенін түсінетіндігі ақиқат.

adimage