Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қазақстандықтардың санасына бір серпіліс берді – Жеменей

Қызылорда. 21 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қазақстандықтардың санасына үлкен бір серпіліс берді, деді С.Демирел атындағы университет профессоры, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей Қызылордадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға қатысу барысында.

«Ағымдағы жыл түрлі саладағы қазақстандық ғалымдар үшін тарихи жағдайларға толы болды. Бізде қазақ қоғамының түрлі кездегі дамуынан сыр шертетін көптеген тарихи құжаттар бар.  Біз сондай-ақ тек археологиялық тұрғыдан ғана емес, сирек кездесетін жазба құжаттарды талдау арқылы да мәдениетімізді толықтай зерттеу жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігін алдық   Сондай жәдігерлердің бірі Доғлат Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» кітабы. Биыл ол парсы тілінен қазақ тіліне аударылып, оқырман қауымға жаңа редакцияда жол тартты. Айта кету керек, нақ осы кітапта Қазақ хандығының 1465 жылы құрылғаны көрсетілген. Міне осы кітаптағы датаға сүйеніп біз биыл қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатырмыз»,- деді С.Демирел атындағы университет профессоры, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей Қызылордадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға қатысу барысында.  

«Тарих-и Рашиди» кітабын қазақ тіліне Ислам Жеменей аударған,  бұл тарихи кітаптың үшінші шығарылымы. Оның жаңа редакцияда жарыққа шығуы қазақ тарихының жазба құжаттарының зерттелуіне негіз болды, содан кейін қазақтар мен Орта Азияға қатысты орта ғасырдағы парсы және түрік тілдеріндегі жазбаша жәдігерлердің бірқатарын қазақ тіліне аудару мәселесі шешілді. Сондықтан олар халқымыздың тарихын кеңінен зерттеуге, оған талдау жасап, баға беруге керемет мүмкіндіктің туып отырғанына сенімді.  

Олардың негізгі мақсаты ата-баба мұрасын, Ұлы Дала егемендігін сақтау.

«Ол үшін біріншіден, қиын жағдайда дұрыс шешемі таба алатын данаық керек. Тәуелісз қазақстанның қалыптасу шағында басқару тетігі Елбасының сенімді қолына тиді, жне мұны біз нағыз сыйлық деп білуіміз керек. Екіншіден, бүгінгі ацтқымалы заманда алдына нақыт мақсат қоя алған мемлекет қана өз мүддесін қорғай алады. Біздің жалпыұлттық мақсатымыз бұл Мәңгілік ел. Біздің Көшбасшысымыз дана, даму бағытымыз анық және баршамызға түсінікті»,- деді И:Жеменей.

Оның айтуынша, өткен жүз жылдықтарда басымыздан өткен қиындықтарға қарамастан біздің мемлекет аяғынан нық тұрып, жемісті дамуда. Алда ұзақ жол мен көптеген маңызды істер бар. Алға сеніммен қадам басып, тәуелсіз Отанымыздың гүлденуі үшін еңбектенуіміз керек.  

«Біз ата-абаба мұрасын қайта қалпына келтіруді зор қуанышпен бастап жатырмыз. Ары қарай да дамып, табысты ел болу үшін қол жеткізген жетістіктерге қарап қалмай, уақытпен бірге ілесіп, мемлекеттігімізді, тарихымызды, тұтастығымызды, ұлттық идеямызды сақтауымыз керек. Біз ұлы ата-бабаларымыздың үмітін ақтау жолында аянбауымыз керек. Сонда ғана тәуелсіздік таңы көгімізде одан сайын жарқырай түспек.  

Тәуелсіздік жолында қан мер тер, көз жасы төгілді. Дегенмен өз абыройымызды, намысымызды, ұлттық бірегейлігімізді жоғалтуға болмайды. Халқымыздың ар-намысы әрқашан бәрінен жоғары болды.  

Тәуелсіз Қазақстан биыл өзінің 24 жылдығын атап өтеді. Адам үшін бұл жас. Ал тәуелсіз мемлекет үшін нәрестенің жасы.  

Бірнеше мәрте қауіп төнген тәуелсіздігімізді сақтайық, біз дамыған халық, өзінің тарихын қызғыштай қоритын, болашаққа сеніммен қарайтын мемлекет болуымыз керек.

Қазақ хандығының 550 жылдығы – көптеген ұрпақ үшін сабақтастықтың сәулесі, қазіргі және кейінгі ұрпақтың өз халқының дәстүрі мен салтын өздерінің ұрпақтарына сақтау керек дегеннің белгісі»,- деп аяқтады сөзін Ислам Жеменей.

adimage