Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналды

Қызылорда. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысы Қазалы ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып «Елдігім-теңдігім» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлады Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Балгүл Мамен.

«Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне биыл 550 жыл толып отыр. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Осы мақсатта аудандық мәдениет Орталығында «Елдігім - теңдігім» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өткізілді»,- деді ол.

Ән додасына аудан бойынша 15-30 жас аралығындағы отыздан аса талапкер қатысып, өзара бақ сынасқан. Олар бірінші кезеңде қазақ хандығы тақырыбы аясындағы патриоттық әндер орындаса, екінші кезеңде өз таңдаулары бойынша еркін тақырыптағы әндерді орындады. Орындаушылардың репертуар таңдауына, орындау  шеберлiгiне, әннiң  оранжировкасына, сахна мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды. Қас өнерді бағалауда аудандық оқушылар үйінің қызметкері Қарымсақова Нағима, аудандық мәдениет Орталығының қызметкерлері Досан Гүлбану мен Әділ Мұрат төрелік жасаған.

«Қазылар алқасының шешімімен нәтижесінде Бас жүлдені әйтеке би кентінен қатысқан талапкер Әбілов Самат иеленсе, бірінші орынды Ү.Түктібаев ауылынан қатысқан өнерпаз Сариев Әмір, екінші орынды  Бірлік ауылынан қатысқан Құтжанова Гүлсая мен Тасарық ауылынан қатысқан Сахиев Асылхан,  үшінші орынды Қожабақы ауылынан жеткерген Айсұлу мен Қазалы қаласынан Құдабаев Еркін өзара бөлісті. Жүлдегерлер арнайы Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бір топ өнерпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды», - деп аяқтады сөзін Б.Мамен. .

adimage