Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазалыда бабалар тойы басталды

Қызылорда. 1 қазан. ҚазТАГ - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазалыда бабалар тойы басталды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.

«Бүгін Қазалыда Ақтан батырдың 245 және Бекарыстан бидің 250 жылдық мерейтойы басталды. Алдымен аудан әкімі Н.Шамұратов бастаған топ кенттегі «Жанқожа батыр» кесенесінде болып, бабалар рухына құран бағыштады»,  делінген аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарында.

Баспасөз қызметінің ақпарынша, мерейтойға еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрметті қонақтар Ақтан батыр мен Бекарыстан би ауылдарына жол тартып, бабалар ауылындағы шараларға қатысты. Мерейтойға орай батыр мен би атын иемденген ауылдарда биылғы жылы біршама жұмыстар атқарылды. Ақтан батыр ауылының кіреберісқақпасы мен батыр атындағы кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалыпқа келтірілді.

Сондай-ақ, Бекарыстан би ауылындағы Тәуелсіздік алаңында орналасқан бидің ескерткіші биіктетіліп, мәрмәр таспен қапталып, жаңаланды.

adimage