Қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығына жүзге тарта шаралар жоспарланған

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығын тойлау тұжырымдамасына жүзге тарта шаралар жоспарланған, деп мәлім етті ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.  
«Қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығын тойлау тұжырымдамасына жүзге тарта шаралар жоспарланған. Әрине, ол шаралар жасампаздық салаға бағытталған», - деді А. Мұхамедиұлы сейсенбі күні үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте.
Оның айтуынша, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың басшылығымен үкімет комиссиясы құрылған
«Қазір екі спектакльдің сценарийлері пысықталуда, олар Әуезов ат. академиялық театрдың «Керей және Жәнібек» спектаклі мен «Мәңгілік ел» спектаклі, - деді министр.
Оның айутынша, бұл шара бүкіл республиканы қамтып, тарихи-мәдени мұраға ерекше назар аударылады. Шараларды өткізу жоспарына сай, мерекені ұйымдастыруға республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, сондай-ақ демеушілерден тартылған қаражаттар қарастырылған.
«Ол шаралар шығынды көп қажет етпейді, негізінен тарихи-идеологиялық бағыттағы шаралар», - деп ол атап көрсетті.
Одан басқа, Қазақ хандығының тарихына арналған 20 сериялық фильм түсіріледі.
«Қазір біздің тарихымызды көркем жанрға аудару керек. 2015 жыл қаңтарынан бастап сериал түсіру басталады», - деді А. Мұхамедиұлы.
Бұрын хабарланғандай, 2015 жылы Қазақстан қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтеді.

adimage