Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шолпан атаға барған сапарында Сооронбай Жээнбековті Қырғыз Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен. ,
«Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен әрдайым Қырғызстанды қолдап келемін», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы екі ел арасында жол картасы қабылданып, үкіметаралық комиссия тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Сіз Президент болып сайланғаннан бері біз жиі кездесіп, көптеген мәселелерді талқыладық. Екі жақты қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілуде. Сауда-саттық көлемі артып келеді. Бүгінде елдеріміз арасындағы барлық проблемалар, соның ішінде шекаралық мәселелер толық шешімін тапты», - деп мәлімдеді Қазақстан басшысы.
Өз кезегінде, Сооронбай Жээнбеков шақыруын қабыл алып, Шолпан-Атаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы қатынастардың достық сипатын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары кездесу соңында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақ пен қырғыздан жақын халық жоқ – Назарбаев
