Астана. 31 наурыз.ҚазТАГ- Сәуір айына Қазақстан Республикасы бойынша консультативтік ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сәуірде күннің ұзақтығы артады, одан әрі күн жылынады. Қазақстанның солтүстігінде сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0°, ал еліміздің оңтүстігінде +10°С тұрақты оң мәндерге ауысуы байқалады. Сәуір айында аумақтың көп бөлігінде қар ериді.
Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың шығуымен жекелеген күндері жаңбыр, екпінді жел, ҚР оңтүстігінде найзағай, шаңды дауылмен ауа-райының тұрақсыз сипаты байқалатын болады.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6°С-қа дейін үсік күтіледі.
Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде:
ҚР батысында түнде 0,+10°С-тан +7+17°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +17+28°С-қа дейін;
еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5°С-тан +5+12°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-тан +20+28°С-қа дейін;
еліміздің шығысында түнде -7-20°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +8+13°С-қа дейін.
Республиканың солтүстігінде, орталығында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруімен ауа температурасының ауытқуы болжанады:
түнде -5-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен температуралық фон жоғарылауы мүмкін:
еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С, күндіз +15+25°С-қа дейін;
оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +10+17°С, күндіз +25 +35°С-қа дейін.
«Алайда, суық ауа райының қайтарылуы жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуі кезінде термометрлердің бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін»,- деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34