Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Сонымен, 14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, жаңбырдың арты қарға ұласады, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады.
«Солтүстік-шығыста кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жел тұрады. Түнде 14-15 мамырда 1-6 градус үсік шалады», - делінген хабарда.
Қостанай облысында 15-16 мамырда түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
«14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыста кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік шалады», - делінген хабарда
Қарағанды облысында 14 және 15 мамырда кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жауады.
«Солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады. 14-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік шалады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда 14 мамырда күндіз күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады.
«Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік шалады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
