Қазақстанның алты облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

   Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
  «13 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: 13 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.»,- делінген жұма күнгі таратылған хабарламада.
Күндіз 13 тамызда Батыс Қазақстан облысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
«13 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады»,- деп мәлімдеді «Казгидромет».
Жұма күні Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
«13 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында 36-37 градус қатты ыстық күтіледі»,- деп ескертті синоптиктер.
Күндіз 13-15 тамызда Атырау облысында 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ: күндіз 13-15 тамызда 39 градус қатты ыстық күтіледі.

adimage