Қазақстан 2 млрд ағаш отырғызу жобасын іске асыру үшін Т82 млрд жұмсауды жоспарлауда

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан 2 млрд ағаш отырғызу жобасын іске асыру үшін Т82 млрд жұмсауды жоспарлауда, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жобаны қаржыландыру үшін 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд. теңге бөлу жоспарлануда», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
«Жоба басталғаннан бері биылғы жылғы көктемде 81,5 млн. ағаш отырғызылды. Күзде тағы 48,2 млн. ағаш отырғызу жоспарлануда», - деп нақтылады экологияминінен.
Отырғызу көлемі жыл сайын 2021 жылғы 129,7 млн.ағаштан 2025 жылы 642,8 млн. ағашқа дейін ұлғаятын болады.
«2 млрд. ағаштың 1 455,7 млн. данасын әкімдіктер, 294,3 млн. данасын орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлар, 250 млн. данасын Экология министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары отырғызуды жоспарлап отыр», - делінген хабарда.
Ведомство ақпарынша, қазіргі уақытта орман қорының жалпы алаңы (барлық ормандар мен орман шаруашылығын жүргізуге арналған жерлердің жиынтығы) 30 млн.гектарды немесе Қазақстан аумағының 11% - ын құрайды.
«Ормандардың ең көп аудандары Қызылорда, Жамбыл (негізінен сексеуіл), Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында (майқарағай, самырсын, балқарағай және шырша) шоғырланған. Еліміздің ормандылық көрсеткіші 4,8% деңгейінде. Жоғарыда аталған жобаны іске асыру бұл көрсеткішті 5% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстарла және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспарлары бекітілді, республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстар айқындалды, сондай-ақ орман және табиғат қорғау мекемелерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі штаб құрылды», - деді министрлікте.
Хабарда атап өтілгендей, отырғызу жоспарланған ағаш түрлерінің ішінде сексеуіл ең көп үлесті (шамамен 30%) алатынын атап өткен жөн. Бұл осы аймақтың экологиясын жақсарту үшін Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл ормандарын өсіру қажеттілігіне байланысты. Жалпы, жоба аясында шамамен 610 мың дана сексеуіл, 555 мыңнан астам дана қарағай, 193 мыңнан астам дана үйеңкі, 132 мыңнан астам дана шегіршін, 100 мыңнан астам дана қайың және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарлануда.
Сонымен қатар, мамандар түсіндіргендей, ағаштардың құны маусымдық жұмысшылардың жалақысы, тұқым жинау және өңдеу, топырақ дайындау, көшеттерді 2-3 жыл күту шығындарымен анықталады. Осыған байланысты қаржыландыру тұқымдарды жинау мен өңдеуге, қызметкерлердің жалақысына жұмсалған шығындарды жабуға ғана емес, сондай-ақ топырақ-іздестіру жұмыстарын жүргізуге, орман егіс алаңдарын ұлғайтуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға бағытталатын болады.

adimage