Қазақстан 2015 жылы мемлекеттіліктің 550-жылдығын атап өтеді - Назарбаев

Күні: 18:15, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – 2015 жылы Қазақстан қазақтың мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтеді, деп мәлім етті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты», - деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында Н. Назарбаевтың сәрсенбі күні Астана активімен кездесу қорытындысына арналған хабарда.
«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады», - деп айтқан президенттің дәйексөзін баспасөз қызметі келтіреді.
«Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті.
Н. Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігі константа екендігіне, оны сақтау әркімнің қасиетті парызы екендігіне назар аударды.  
«Кезінде көптеген американдық үнділер өздерінің жерлерінен қуылып, әр түрлі басқыншылармен жойылды. Сол үнділерден шыққан бір кинорежиссерге: «байлық бақыт болып табыла ма?», - деп сұрақ қойған екен. Оған ол: «Мен өзімдегі де, басқалардағы да байлықтың барлығын менің халқымның тәуелсіздігінің бір күні үшін берер едім», - деп жауап беріпті. Сондықтан біздің барлығымыз біздің тәуелсіздігімізді бағалауымыз керек», - деді президент.  


Жаңалықтармен бөлісу: