Қазақстан 2017 ж. көрсеткішпен салыстырғанда Ресейге темір құбыр жеткізілімін арттырды

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан 2017 ж. көрсеткішпен салыстырғанда Ресейге темір құбыр жеткізілімін арттырды, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қаңтар-шілдеде кедендік статистикаға сәйкес РФ-ға Қазақстан темір құбырының импорты 99,6 мың тонна құраған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 102,2% жоғары. Оның үстіне бұл былтырғы жылғы жиынтық көрсеткіштен  9% ғана төмен», - деп хабарлады бейсенбіде қазақстандық дипөкілдіктен.  
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстаннан жеткізілетін темір құбырдың импорты ресейлік импорттың  шамамен 31,4% құрайды.

adimage