Қазақстан 2018 жылдың басынан бастап 19 мың тонна сиыр етін экспорттаған

Күні: 17:13, 26-12-2018.

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан 2018 жылдың басынан бастап 19 мың тонна сиыр етін экспорттаған, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінен.
«Етті экспортқа шығару жоспары 25% -ға артық орындалды. 21-желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем 15 мың тонна. Сыртқа шығарылған еттің тең жартысы Түркістан облысына тиесілі. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі 5,5 мың тоннаны құраған», - деп хабарлады сәрсенбіде ауыл шаруашылық министрлігінен.
Хабарда атап өтілгендей, Ағымдағы жылдың екінші жартсынан шағын және орта шаруашылықтарға негізделген «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасын іске асыру басталып кетті.
«Оны жүзеге асыру үшін арнайы жеңіл несие беруді қарастыратын «Сыбаға» бағдарламасы бастау алды. Жұмыс жылдың екінші жартсында басталғанымен белгіленген межеден артық орындалды. Бүгінгі таңда 700 фермер несие алды. Шаруашылықтардың ірі қар мал сатып алу бойынша жылдық жоспары 50,0 мың бас. 11 айда 67 мың басқа өтінім қабылданып, 55 мың бас малға берілген өтінім қабылданып, несие берілген», - деді ведомстводан.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 170 мың бас қой сатып алынған.
«Аналық малды асылдандыру бойынша жоспар 1,0 млн.бас. Бүгінгі таңда асылдандыруға 977 мың бас мал (98%) қатысып отыр», - деп хабарлады АШМ.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанға 14,5 мың бас ірі қара әкелінген. Аз уақыт мал әкелуде кідіріс болды (шілде-желтоқсан), оған себеп импорттаушы елдердің эпизоотиялық жағдайы.


Жаңалықтармен бөлісу: