Қазақстан 2018 жылдың тоғыз айында $45,3 млрд тауарын экспорттады

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан 2018 жылдың тоғыз айында   $45,3 млрд тауарын экспорттады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен (ҚРҰБ).
«2018 жылғы 9 айда ағымдағы шоттың тапшылығы 2017 жылғы 9 айдағы 4,6 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда 5,4 есе 0,9 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Шикізаттың әлемдік нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы тауарлар экспортының айтарлықтай өсуіне себепші болды, ол 28,2%-ға немесе 10,0 млрд АҚШ долларына ұлғайды және 45,3 млрд АҚШ доллары болды», - делінген хабарда
Мұнай және газ конденсаты экспортының құны (жалпы экспорттан 62,7%) көбінесе жеке жеткізулердің аздап өсуі кезінде келісімшарт бағасының ұлғаюы есебінен 45,6%-ға ұлғайды.
«Қара металдар экспорты 2,0%-ға өсті, түсті металдар экспорты 5,6%-ға төмендеді. Астық экспорты 1,6 есе ұлғайды», - деді Ұлттық банктен.
Тауарлар импорты 8,5%-ға 25,2 млрд АҚШ долларына дейін өсті.
«Импорттың өсуі негізгі тауар номенклатурасының барлық топтары бойынша болды. Ең көп ұлғаю (20,1%- ға) инвестициялық тауарларды әкелу (жалпы импорттан 36,9%) бойынша болды. Аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын әкелу 3,8%-ға ұлғайды. Тұтыну тауарларының импорты 7,0%-ға, оның ішінде азық-түлік тауарларын әкелу – 4,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға өсті. Нәтижесінде, сауда балансы 66,2%-ға жақсарды және 20,1 млрд АҚШ доллары болды», - делінген хабарда.
Экспорттық кірістердің, көбінесе минералдық өнімдер экспортынан кірістер есебінен ұлғаюы шетелдік тікелей инвесторлардың кірістерінің 16,7 млрд АҚШ долларына дейін 37,1%-ға өсуіне себепші болды. Алайда, осы кірістердің жартысы еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды.
«Қаржылық шот (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша 1,4 млрд АҚШ доллары болатын (2017 жылдың 9 айы ішінде 6,6 млрд АҚШ доллары болған теріс сальдо) оң сальдомен қалыптасты. Резиденттер міндеттемелерінің төмендеуімен байланысты капиталдың таза әкетілуі олардың шетелдік активтерінің қысқаруымен ішінара өтелді», - деді ҚРҰБ.


adimage