Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан 2022 жылға қарай $118 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2022 жылға қарай Қазақстанға $118 млрд. тікелей шетел инвестициясы тартылмақ, оның $24,6 млрд.-ын тиімділікке бағдарланған тікелей шетел инвестициясы құрайды», - деп хабарлады ҚР ҰЭМ жұма күні ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі «Инвестицияларды дамыту мақсатындағы жәрдемдесу саласындағы достар» ДСҰ тобымен әріптестікте «Еуразиялық көзқарас: Сауда және инвестицияларды дамыту мақсатындағы дамыту» форумы барысында.
Ведомствода атап өткендей, бұл іс-шараның мақсаты инвестициялық шаралардың айқындығы мен жоспарлы болуын арттыру, әкімшілік рәсімдер мен талаптарды жеңілдету мен жеделдету тәрізді ДСҰ-ның инвестицияларға жәрдемдесу саласындағы жаңа ережелері бойынша диалогты жолға қою болып табылады.
Қазақстан 2022 ж. $118 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартуды жоспарлап отыр
