Қазақстан 2023 жылы ЕАЭО елдері ішінде жалақының ең төмен өсімін көрсетті

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстан 2023 жылы еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) арасында жалақының ең төмен өсімін көрсетті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).
«Орташа айлық атаулы жалақы көлемі (2023 жылы – ҚазТАГ) келесідей болды: Арменияда – $688, Беларусияда – $634, Қазақстанда – $791, Қырғызстанда – $379, Ресейде – $871», - делінген ЕЭК хабарында.
Ақпарға сәйкес,орташа айлық атаулы және нақты (тауарлар мен қызметтерге тұтынушы бағасының индексіне қарай түзетілген) жалақы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстанда ең төмен мәнге ие - 2,3%-ға ғана өскен, ең жоғары көрсеткіш Арменияда - 12,4%-ға өскен, Беларусияда – 11%-ға өскен.

adimage