Астана.30 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Тұқымдық бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001 11; 1001 91) қоспағанда, бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001) импортына Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен алты айға тыйым салу енгізілсін», - деп жазылған бұйрықта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжат 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салынады
