Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанға келе жатқан пойыз Ресейде жеңіл көлікке соққан, деп хабарлады YK-news.kz.
«17 қарашада жеңіл көлік жүргізушісі ЖЖЕ өрескел бұза отырып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан темір жол өткеліне өтіп кеткен, сөйтіп жақындап қалған №391 Томск-Риддер жолаушылар пойызына соққан. Пойыздың машинисі шұғыл түрде тежегішті басқан, бірақ ара қашықтықтың жақын болғаны соншалық, ЖКО-ның алдын алу мүмкін болмаған», - деп хабарлады «РТЖ» ААҚ.
Хабарда атап өтілгендей, Алтай өңірі Безменово–Красный Боец аралығанда орын алған жол апатынан ешкім зардап шекпеген, темір жол инфрақұрылымына да зардап келмеген.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26