Қазақстанға ҚХР-дан темекі өнімдері мен гаджеттердің ірі партиясын алып өтпек болды

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанға ҚХР-дан темекі өнімдері мен гаджеттердің ірі партиясын алып өтпек болды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) мемлекеттік кіріс комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қорғас» кеден бекетінде «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері шекарашылармен және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, Қытайдан Қазақстанға заңсыз кіргізіліп жатқан заттарды тәркіледі. Онда «Cavallo» (16 000 дана), «Mond» (18 000 дана) және «Milano» (115 000 дана) маркалы шылымдар болған. Ұсталған темекі өнімдерінің жалпы салмағы - 103 кг, жалпы саны - 745 блок (149 000 дана). Сонымен қатар, салмағы 16 кг болатын, түрлі модельдегі 148 ұялы телефон қолға түсті», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, USB жинақтағыш «флешка» саны - 6 245 дана, жалпы салмағы - 87,43 кг. Жалпы салмағы 13,68 кг болатын 199 дана GSM модуліне микросхема табылды. 42 дана бейнетіркегіш бар. Одан бөлек,салмағы 112,5 кг болатын қытай дәрі-дәрмегі анықталды.
«Қазіргі уақытта ұсталған тауардың кедендік құны анықталып, істің мән-жайы тергелуде. Одан кейін контрабандаға қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарда.

adimage