Қазақстанға оқ өтпейтін кеудешелерді алып өтпек болған ресейлік кәсіпкер ұсталды

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Оралдың кедендік шұғыл әрекет ету қызметкерлері Қазақстанға 31 оқ өтпейтін кеудеше мен төрт шлем алып өтпек болған ресейлік кәсіпкерді ұстады, ол аталмыш заттарды жеке заттары ретінде жасырып бүркемелеген, деп хабарлады ЕТВ.
«Нижний Тагил тұрғыны заттарды Қазақстандағы дүкенге апарып тапсырмақ болған, ол дүкенмен үш миллион рубльге келісім жасаған. Ол аталмыш заттарды шетелге шығаруға қажет лицензия алмаған, кеденшілерді де алдап өтпек болған. Кәсіпкер оқ өтпейтін кеудешелер мен шлемді жеке заттары ретінде жасырып бүркемелеген», - делінген ақпарда.
Кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқ өтпейтін кеудешелерді заңсыз алып өтпек болғаны үшін ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

adimage