Қазақстанға Орталық Азия бойынша ЕО арнайы өкілі Петер Буриан келеді

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Орталық Азия бойынша Еуропа одағының арнайы өкілі Петер Буриан ағымдағы аптада Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
«15 тамызда «Ақорда» резиденциясында мемлекет басшысы Орталық Азия бойынша Еуропа одағының арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдайды. Кездесуде Қазақстанның Еуропа Одағымен ынтымақтастығы, соның ішінде ағымдағы жылдың 17 маусымында қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО Жаңа Стратегиясындағы өзара қарым-қатынас және практикалық имплементация мәселелерін талқылау жоспарлануда», - деп жазды ол.

adimage