Қазақстанға Ресейден 5 мың бас асыл тұқымды ІҚМ жеткізіледі

Күні: 15:52, 07-02-2019.

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанға Ресейден 5 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал жеткізіледі, деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың Мәскеу қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Брянск ет компаниясымен қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған 5 мың (20 мыңға дейін арттыру мүмкіндігімен) бас абердин-ангус асыл тұқымды малдарын жеткізу туралы келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт аясында барлық ветеринарлық-карантиндік және эпизоотиялық-профилактикалық іс-шараларды ескере отырып, ірі қара малды жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді», - делінген хабарда.
Сонымен қатар осы келісімнің аясында осы жылдың көктемінде «AiZet Farms» (Ақмола облысы) ет өңдеу зауытымен 1000 бас асыл тұқымды мал жеткізуге арналған, сондай-ақ «МТС «Жайма» ЖШС (Павлодар облысы) Аграрлық несие копорациясының қарыз алушыларына арналған 5 мың ірі қара мал басын осы жазда жеткізу бойынша оператормен келісімшартқа қол қойылатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: