Қазақстанға шетелдік ойыншылармен бәсекеге қабілетті ірі қаржылық институт керек - Ақышев

Күні: 13:01, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанға нарықта шетелдік ойыншылармен бәсекеге қабілетті ірі қаржылық институт керек, деді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев.
«Бірінші бағыт - банк саласын сауықтыру. Былтыр банк саласы үшін маңызды жағдай Halyk Bank пен Қазкоммерцбанктің бірігуі. Halyk Bank қазір елдегі банк саласы активтерінің 34%-на ие. Бұл қалыпты құбылыс. Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Ресей секілді әлемнің көптеген елдерінде барлық нарықтың 30% астамын иемденетін банктер бар. Қазақстанға да ішкі секілді, сыртқы нарықта да шетелдік ойыншылармен бәсекеге қабілетті ірі қаржылық институт қажет», - деді ол сәрсенбідегі кеңейтілген үкімет отырысында.


Жаңалықтармен бөлісу: