Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Ресейге 526 тонна жаңа сойылған және салқындатылған сиыр етін $2,3 млн сомаға және $1 млн сомалық 256 тонна тоңазытылған сиыр етін экспорттады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Жарияланған мәліметтерде атап көрсетілгендей, Қазақстан Ресейге 465 тонна шошқа етін $878,2 мың сомаға экспеорттады. Ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда сомасы жағынан 8,7 есеге, көлемі жағынан 8,9 есеге артық болыпты.
Сондай-ақ Қазақстан Ресейге 3,2 мың тонна құс етін $7,7 млн сомаға жеткізді, ол 2013 жылмен салыстырғанджа көлемі жағынан 62,4%-ға және сомасы жағынан 58,3%-ға көп.
ҚР АШМ министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстан 2014 жылы 10 мың тонна ет экспорттайды деп мәлім еткенді.
«Биыл біздің жоспарымызша, жыл соңына дейінгі экспорт 10 мың тонна болады», - деді ол 16 қыркүйекте, парламент мәжілісіндегі аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жобасын іске асыру мәселесіндегі проблемалар» тақырыбындағы отырысында. А. Мамытбеков сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстан шамамен 25 мың тонна ет экспорттауды жоспарлап отырғанын айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның басым өңірінде сәрсенбі күні жауын –шашын болады деп күтіледі4 Қазан 2023, 10:10
-
Бақытжан Ілияс Қазақстанның Энергетика вице-министрі болып тағайындалды3 Қазан 2023, 18:51