Қазақстан қаңтар-қыркүйекте американ еті импортын 38,8%-ға ұлғайтты

Күні: 18:12, 31-10-2014.

Астана.31 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде АҚШ-тан келетін жаңа сойылған, қатырылған және салқындатылған ет пен субөнімдердің импортын 69,3 мың тоннаға ұлғайтып, $57,5 млн-ға дейін жеткізді, бұл 2013 жылдың дәл осы кезеңінен көлемі жағынан 38,8%-ға және құны жағынан 37,6%-ға көп, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінен.

Жарияланған мәліметтерде атап өтілгендей, Кедендік одақ елдерін есепке алмағанда, Қазақстан  2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ет импорты $117,9 млн болатын 101,5 мың тоннаны құрайды, бұл 2013 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда көлемі бойынша 15,7%-ға және құны бойынша 2,3%-ға көп.

Қазақстанға ірі ет тасымалдаушы болғандар: АҚШ – 69,3 мың тонна (+38,8%) $57,5 млн  сомаға (+37,6%), Украина – 13,6 мың тонна (-24,3%) $23,5 млн сомаға  (-29,3%), Бразилия – 3,7 мың тонна (+62,9%) $4,7 млн сомаға  (+50,6%), Польша – 3,6 мың тонна (-22,8%) $9,2 млн сомаға (-22,7%).


Жаңалықтармен бөлісу: