Қазақстанға тауарлар импортын 14% төмендету жоспарлануда - ИИДМ

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Алдағы жылдары қайта өңдеуші өндіріс өнеркәсібіне арналған қолжетімді несие есебінен тауарлар импортының үлесін 14% төмендету жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 млрд теңге көлемінде отандық кәсіпорынды қолжетімді несиелеудің ерекше талаптары мен механизмдері анықталды, оның ішінде 400 млрд теңге қайта өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалады. Жаңа қаржыландыру алдағы жылдары аталмыш тауарлар бойынша импорт үлесін 14-15% төмендетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ж.Қасымбек бейсенбідегі алқа отырысы барысында.
Ол атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар күн сайын қазақстандықтар қолданатын, халық тұтынатын 250-ге жуық тауар өндірісін іске қосып, арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс материалдары.
«Мемлекет басшысының «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, қайта өңдеуші экспортты жылжыту, отандық тауарлармен ішкі нарықты толтыру бойынша қойылған міндеттер 2018 жылдың желтоқсанында үкімет қабылдаған индустрияландырудың үшінші бағдарламасының тұжырымдамасында ескерілген», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.

adimage