Қазақстан алтын сатып алу бойынша 2019 жылдың І тоқсанында көшбасылар қатарынан көрінді

Күні: 15:49, 03-05-2019.

Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан алтын сатып алу бойынша 2019 жылдың І тоқсанында көшбасылар қатарынан көрінді, деп хабарлады ТАСС.
«Алтын сатып алу бойынша Ресей көш бастап тұр. 2019 жылдың І тоқсанында Ресей банкі 55,3 тонна алтын сатып алып, резерв көлемін 2168,3 тоннаға дейін жеткізді. (…) Аталмыш қарқын Ресейдің жаңа санкция енгізілген жағдайда АҚШ долларына деген тәуелділікті төмендетуге деген талпынысымен байланысты болса керек. Есепті кезеңде алтынның негізгі сатып алушылары мыналар болды: Эквадор, Түркия, Қазақстан, Катар мен Колумбия банктері», - делінген жұмадағы хабарда.
Ал алтынды ірі сатушылар қатарында Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан банктері бар.
«Әлемдегі орталық банктер 2019 жылдың І тоқсанында соңғы алты жылдағы рекордтық алтын көлемін сатып алған – 145,5 тонна, бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 68% жоғары», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: