Қазақстан арқылы Өзбекстанға оттегі концентраторын заңсыз алып өтпек болған

Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан арқылы Өзбекстанға оттегі концентраторын заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлады ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылғы 1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп отырып, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator» және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, бұл жабдық пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде белсенді қолданылатын препараттар.
«Аталған факті департаменттің АЕК тіркеліп, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді», - делінген хабарда.

adimage