Қазақстан қаржы министрлігінің мемсатып алу және қазынашылық комитеттерінің басшылары тағайындалды

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қаржы министрі Әлихан Смаилов мемлекеттік сатып алу және қазынашылық комитетінің төрағаларын тағайындады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің төрағасы қызметіне, Ербол Шырақбайұлы Қарашүкеев — ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарда.
А. Ашуев 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Амангелді Газ» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Е. Қарашүкеев 2016 жылдан бастап тағайындалғанға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.

adimage