Қазақстан Атырау әуежайы бойынша дауда түрік компаниясынан $16 млн өндіріп алатын болды

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Атырау әуежайы бойынша дауда Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi түрік компаниясынан $16 млн өндіріп алатын болды, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінен.
«2018 жылдың 8 қарашасында Халықаралық сауда палатасының жанындағы Төрелік трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» (бұдан әрі – «Талапкер») түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы берген барлық талаптарын қабылдамау бойынша шешім шығарды. (…)Талаптардың сомасы 16 млн. АҚШ долларын және пайыздар мен төрелік шығындарды құрады», - делінген дүйсенбідегі әділет министрлігінің хабарында.
2015 жылғы наурыз айында «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлестікте «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ның құрылтайышысы болып табылатын Талапкер Қазақстан Республикасына қарсы төрелік процеске бастама жасады.
«2018 жылғы 4 шілдеде Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасында негізгі тыңдаулар өтті. Талапкер Атырау халықаралық әуежайын құру арқылы жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асырды деп Қазақстан Республикасын айыптап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Талапкердің «АТМА» Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-ға салған қосымша инвестицияларын өтеуі керек деп талап етті», - делінген хабарда.  
Трибуналдың қорыта айтқаны, Қазақстанның мемлекеттік органдары жанармай жеткізу, жүк қызметі және тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді экспроприациялау бойынша, сондай-ақ Талапкерге қосымша инвестицияларды қайтаруда кедергі жасап, ешқандай әрекет жасамады.
«Қазақстандық сот жүйесі шетелдік инвесторлардың құқықтарын бұзбай, заңдылық және әділдік қағидаттарына сәйкес әрекет етті», - деді трибунал.
Бұдан басқа, Трибунал Қазақстан Республикасының Талапкерге қосымша инвестицияларды өтеу бойынша қандай да бір міндеттемелері жоқ деп қаулы етіп, Қазақстан шетелдік инвестицияларды қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерін толықтай орындады деген қорытындыға келді.
Осылайша, Трибунал Талапкер шамамен 500 000 АҚШ долларын құрайтын сомаға жұмысты ұйымдастыру үшін жұмсалған және төрелік шығындарды көтеруі керек деп қаулы етті.
«Төрелік трибуналдың шешімі Қазақстанның аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау саясатын бұрынғыша ұстанатын Қазақстан Республикасының позициясын толықтай растайды», - деп мәлім етті Қазақстан әділет министрі  Марат Бекетаев.


adimage