Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға төрт жылға Т33 млрд керек

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға төрт жылға Т33 млрд керек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның («Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру», мың теңгемен – ҚазТАГ) шығыстары, толық: 2019 – 6 576 446, 2020 – 6 577 942, 2021 – 10 731 793, 2022 – 9 374 873», - делінген Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бюджеттік бағдарлама жобасында.
Жобаның міндеті ретінде Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуін қамту көрсетілген: -1 м-ба алаңдарын геологиялық жете зерттеу бойынша:200000 (ГДП-200)-2020 жылы 94,5 %; 2021 жылы 94,5%, 2022 жылы 96%; -терең геологиялық карталау (МҚК-200) және геологиялық-минерагендік карталау (ТМК-200) бойынша-2020 жылы 26,7%; 2021 жылы 27,6%; 2022 жылы 32,5%.
«Мақсаты – Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру», - делінген жоба сипаттамасында.

adimage