Қазақстан аусылға байланысты Ресей өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салады

Күні: 15:01, 16-01-2019.

Алматы. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан аусылға байланысты Ресей Федерациясының Приморье өлкесінің өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салады, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен.
«2019 жылғы 14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Приморье өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: