Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров бидай бағасын Т83-87 мың дәлізінде белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай тоннасына 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады, Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді», - деп мәлімдеді министр сейсенбі күні.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02