Қазақстан ауыл шаруашылықмині СҚО-дағы құс тұмауынан қырылған құстар үшін өтемақы төлейді

Петропавл. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауынан қырылған құстар үшін өтемақы төленеді, деп хабарлады Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды құс тумауынан өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейді. Бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайды», - деп хабарлады ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева.
АШМ нақтылағандай, өтемақы алу үшін үй жанауарлары иелері өтініш беруі керек.
«Ақшалай қаражат картаға аударылады», - делінген хабарда.
Бұл ретте, зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.
«Өлген құстың әр иесі заңмен белгіленген өтемақыны алуы үшін біз бірінші күннен бастап құстардың өлімін және өлекселерді жою актілерін тіркей бастадық», - деп толықтырды Гүлмира Исаева.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА СҚО Тимирязев ауданындағы Тимирязев, Элеваторный, Ғ.Мүсірепов ат. ауданда Чернобаевка, Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласы мен Сухорабовка ауылдарында үй құстарының қырылу дерегі тіркелгенін хабарлаған еді. 17 қыркүйекте белгілі болғандай, құс тұмауынан зардап шеккен құстардың саны жетіге жеткен. Қазақстан бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Сонымен қатар, белгілі болғаны шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларында құс тұмауының бар-жоғын тексере алмай отырған көрінеді.
Бұған дейін Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде құс тұмауы тіркелген еді. Соның салдарынан тамыздың басында қазақстандық билік РФ-мен шекараға шектеу енгізді.


adimage