Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстан ауылдарының 1 мыңнан астам тұрғыны алдағы 3 жылда талшықты-оптикалық желілер байланысын пайдалана алатын болады, деп хабарлады инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.
«Ауылдарда қазір технологиялардың барлығы ескіріп қана қойған жоқ. Тіпті тек 880 ауылдың ғана технологиясы ескірген, ал қалған ауылдық елді-мекендердің барлығында қызметтер 256Кбит/с жылдамдығымен 2G арқылы жүзеге асырылады. CDMA стандарты қазір барлық Қазақстанда жұмыс жасап жатыр, және бізде де жүзеге асыруды ойластырып отырған қызық жоба бар, ол шалғайдағы елді-мекендерге, ауылдарға дейін баратын талшықты-оптикалық желі байланысы», - деді А.Жұмағалиев жұма күні парламент сенатының депутаттарымен кездесуде.
«Біз оны келесі жылы жүзеге асыруды бастағымыз келіп отыр. Осыған ұқсас жобалар басқа елдерде жүзеге асырыла бастады, біз де сол үрдісті жалғастырып, 3 жылда 1 мыңнан астам ауылды қамтып, азаматтарға барынша сапалы интернет ұсына аламыз деп ойлаймын», - деп толықтырды ол.
Қатысты сілтемелер
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43
-
Астанада полиция командирі мен прокуратураның бұрынғы қызметкері қамауға алынды9 Маусым 2023, 15:01
-
Жұма күні Қазақстанның басым облысында аптап ыстық және жаңбыр күтіледі9 Маусым 2023, 09:46