Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Биылғы жыл соңына қарай азаматтардың Қазақстандағы еңбек қолы артық өңірлерден еліміздің солтүстігіне ерікті түрде көшуін ынталандыратын заң жобасы парламентке енгізіледі, деп мәлім етті ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Данияр Вагапов.
«Солтүстік өңірлерде халық саны азаюы байқалады. Осы үдерісті реттеу үшін үкімет азаматтардың еңбек қолы артық өңірлерден еліміздің еңбек күштері тапшы солтүстігіне ерікті түрде көшуін ынталандыратын жаңа шараларды дайындады. Аталған шаралар жыл соңына қарай парламент мәжілісіне енгізілетін көші-қон туралы заңда көрсетілген»,- деді Д. Вагапов ҚазТАГ агенттігіне.
Оның айтуынша, ондай тұлғалар үшін мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары - көшуге кететін шығынды өтеу, қызмет баспанасы немесе жатақханадан бөлме беру, кәсіби дайындық оқуларында, қайта дайындау және білікті көтеру оқуларында оқыту, көшіп барған жерде жұмыспен қамтамасыз ету.
«Осындай шаралар ҚР үкіметі айқындаған өңірлерге оралман мәртебесін алған соң бір жыл ішінде көшіп барған этникалық қазақтарға да көрсетіледі», - деді ол.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Н. Назарбаев, үкімет Қазақстанның тек солтүстік, батысы мен орталығына тұрақты тұруға көшіп келген оралмандарға ғана көмектесуі керек деп мәлім еткенді.
«Соңғы кездері сырттан елге келген оралмандар саны азайып кетті. Оған үкіметтің бөлетін қаражат сомасы да азайды, бірақ біз ол қаражатты бөлуге дайынбыз. Сонымен қатар олар Қазақстан билігі анықтаған өңірлерге көшіп барулары керек. Тек сондай жағдайларда ғана көмек көрсетіледі», - деді Н. Назарбаев 6 тамыздағы кеңейтілген үкімет отырысында.
«Қайтадан бастаңыздар (оралмандарды қабылдауды – ҚазТАГ). Жұмыс орны бар жерлерге, орналастыруға жағдай бар жерлерге орналастыру керек (оралмандарды – ҚазТАГ), солтүстікке, орталық, шығыс пен батысқа орналастыру керек (оралмандарды – ҚазТАГ)», - деді ол.
22 сәуірде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оралмандардың қазақстандық азаматтығын алу процедурасы айтарлықтай оңтайландырылғанын айтты. «Біріншіден: қазір өңірді таңдау этникалық қазақтардың еркінде, ол қай өңірге оралмасын, барлығына оралман мәртебесі беріледі. Екіншіден: біз «төлемге қабілеттігін» дәлелдеу шартын алып тастадық, үшіншіден – азаматтық алу мерзімін 1 жылға дейін қысқарттық. Біз еңбек ресурстарына қажет өңірлерді ғана анықтайтын боламыз», - деді Т. Дүйсенова.
Ведомство басшысы атап кеткендей, бұрындары оралмандар немесе этникалық қазақтар мемлекет айқындаған өңірлерге ғана келетін, және тек сол жағдайда ғана оралман мәртебесін алатын.
Өңірге өз беттерінше көшіп келгендер ондай мртебеге ие бола алмайтын. Сонымен қатар этникалық қазақтар өздерінің төлемге қабылеттілігін дәлелдей алулары тиіс болатын. Одан басқа, бұрындары Қазақстан азаматтағын алуға 7 жыл керек болатын.
Сонымен қатар министр, егер этникалық қазақтар еңбек ресурстары тапшы өңірлерге келетін болса, оларға әлеуметтік пакет қарастырылады деп мәлім еткенді.
«Оған бірінші кезекте көшіп келуге кеткен шығын, жүктеріне төленетін ақы өтеліп, 5 жылға жалға қызмет бөлмесі беріліп, 5 жыл өткен соң оралман баспананы қалған қалдық сомасын төлеп, сатып алуына болады», - деді Т. Дүйсенова.
ҚР үкіметінің қаулысына сай 15 мамырда оралмандарды орналастыру үшін Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтсүстік Қазақстан облыстары анықталған.
Тәуелсіздік кезеңінде, 1991 жылдан бастап, Қазақстан 944 мыңнан астам оралманды қабылдады. Қазіргі уақытта олар жалпы халықтың 5,5%-ын құрайды.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51