Қазақстан азаматы қырғыз шекарасында оқ-дәрімен ұсталды

Күні: 19:25, 29-10-2019.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан азаматы қырғыз шекарасында оқ-дәрімен ұсталды, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен
«28 қазанда «Чон-Капка-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. 1968 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Т.А.-ға тиесілі Аudi 100 көлігінен 10 дана 12 калибрлі патрондар табылған. Ұсталған адам Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған», - деп хабарлады сейсенбі күні ҚР мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен.
Хабарда атап өтілгендей, тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін қазақстандық ҚР ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды.


Жаңалықтармен бөлісу: